Кеңес ал!

09.04.2026

Фариза Мұхымгереевадың табыс тарихы — кәсіби адалдықтың, жоғары шеберліктің және балаларға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

1999 жылы Атырау медициналық колледжін үздік бітіріп, «акушерлік іс» мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын Атырау облыстық перзентханасында бастап, күн сайын күрделі жағдайлармен бетпе-бет келіп, көптеген сәбилердің өмірге келуіне себепкер болды. Кейін Атырау қаласындағы кардиологиялық орталықта аға мейіргер қызметін атқарды.

Үнемі дамуға ұмтылған Фариза Мұхымгереева екінші жоғары білім алуды шешіп, Х. Досмұхамедов атындағы университетті «педагогика және психология» мамандығы бойынша сәтті аяқтады. Медицина мен білім беру саласында жинақтаған тәжірибесі өз кәсібін ашуға берік негіз болды.

2024жылы «Біріңғай кешенді бағарлама» аясында кәсіпкер ғимарат сатып алып ашты.

Бүгінде «Зере» жеке балабақшасында 1 жастан 5 жасқа дейінгі 75-дан астам бала тәрбиеленуде. Мұнда балалар қоршаған ортамен танысып, алғашқы білімдерін алып, тұлға ретінде қалыптасады.

Оқу-тәрбие үдерісі заманауи әдістемелерге, соның ішінде Монтессори әдісіне негізделген және ойын түрінде өткізіледі, бұл материалды жақсы меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарламаға ағылшын тілін үйрену де енгізілген. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатылып, мерекелік іс-шаралар, туған күндер мен ертеңгіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Балабақшада жоғары білімді, тәжірибелі педагогтар жұмыс істейді. Олар мейірімділік, зейінділік және әр балаға жеке көзқарас таба білу қасиеттерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайту және сөйлеу қабілетін дамыту үшін логопед-дефектолог маман қызмет атқарады.

АО «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Зере» ЖК «Өрлеу» бағдарламасы аясында АО «Қазақстан Халық Банкі» арқылы 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді.

 

Мекен-жайы: г.Атырау, Лесхоз ықшамы, Медеубаев көшесі 41,а

Байланыс телефон:87013780793

Инстаграм:Zere_balabaksha_2018