Кеңес ал!
Қазақстандағы қауіпсіздік жүйелері нарығында «Эгида Group» компаниясы жиырма жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыс жасап келеді. Осы уақыт ішінде кәсіпорын шағын монтаждау компаниясынан үздіксіз еңбек пен табандылықтың арқасында өз өндірісі, филиалдары және ТМД елдерінде серіктестері бар ірі компаниялардың біріне айналды.
«Эгида Group» компаниясының негізін қалаушысы әрі бас директоры - Виктор Викторович Гусев. Ол 1977 жылы Қазақстанда дүниеге келген. 1997 жылы Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігінің жоғары техникалық училищесін, ал 2000 жылы ІІМ академиясын тәмамдаған.
Алған білімі мен тәжірибесі оған күзет және өрт қауіпсіздігі жүйелерінің ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік берді. 2000-жылдардың басында бұл сала жекеменшік секторда қарқынды дами бастады. Осыны ескерген Виктор Гусев 2002 жылы «Эгида Group» компаниясын ашып, кәсібіні қарқынды дамытуға барын салды.
Алғашқы жылдары компания қауіпсіздік жүйелерін орнатып, оны іске қосуға баса назар аударды. Дегенмен, тұрақты өсу үшін тек жабдықты орнату ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік жүйелерін өндіретін өндірушілермен тікелей қарым-қатынас орнату қажет болды.
Себебі, әр елде делдалдар өте көп және олардан сатып алған тиімсіз болғандықтан, тек өндірушілерден тікелей сатып ала бастады. Бұл сату бөлімін дамытып, өнімнің бағасын тұрақтандырып, нарықтағы тұтынушы тізімін одан әрі көбейтуге жақсы мүмкіндік берді. 2004 жылы Egida Group компаниясы Қазақстан бойынша өрт сөндіру саласындағы ең ірі он компанияның ішіне кірді.
Компанияның өсу тарихына көз жүгіртсек:
• 2006 жылы — жобаларды жүзеге асыратын бағыт құрылып, монтаждау бөлімі жеке компания ретінде құрылды;
• 2008 жылы — жеке мониторинг пульті іске қосылып, Ресей Федерациясында компания ашылды;
• 2009 жылы — көлік-логистика бағыты дамыды;
• 2010 жылы — жеке өндіріс іске қосылды;
• 2011 жылдан бастап — филиалдар желісі кеңейе бастады.
Бүгінде Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында компания филиалдары жұмыс істейді. Қазіргі кезде бұл компанияда шамамен 130 қызметкер еңбек етеді.
«Эгида Group» — қауіпсіздік жүйелеріне арналған жабдықтарды жеткізуші ғана емес, сонымен қатар өндіруші компания болып табылады. Компанияның өнім ассортиментіне дабыл жүйелері, бейнебақылау, қолжетімділікті бақылау жүйелері, хабарлама беру құрылғылары, қуат көздері, кабельдік өнімдер және т.б. 100-ден аса өнім түрлері кездеседі.
Өндірісте заманауи технологиялар қолданылады: сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктар (CNC), металды плазмалық кесу, штамптау, ұнтақты бояу және басқа да технологиялар. Компания әлемдік үрдістерді тұрақты түрде қадағалап, жаңа технологияларды енгізіп отырады. Соның нәтижесінде, өнім түрлері үнемі ноу-хау, жаңа деңгейде.
Компания дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі - мемлекеттік қолдауға ие болуы. 2023–2025 жылдары кәсіпорын 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясындағы қолдау шараларын пайдаланды. Алматы облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Береке Банк» АҚ арқылы компания пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау алды.
Қаражат өндірістің айналым қаражатын толықтыруға және шикізат металды, өрт сөндіру заттарын және басқа да жинақтаушы бөлшектерді сатып алуға бағытталды. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға, тапсырыстарды орындау мерзімін жеделдетуге және біртіндеп өз өндірісінің үлесін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, импортқа тәуелділік те қысқара бастады.
«Даму» қорының арқасында бүгінде көптеген құрал-жабдықтарды шетелден алдыртпай, өзіміз өндіре бастадық, бұл бізге өндірісті толығымен бақылап, ішкі процессін одан әрмен түсінуге мүмкіндік берді», — дейді Виктор Гусев.
«Біздің жабдықтар барынша сенімді болуы тиіс, себебі бұл жерде, бірінші кезекте, адамдардың қауіпсіздігі», — дейді ол.
Сонымен қатар өнім ассортименті де кеңеюде: газбен өрт сөндіру жүйелерімен қатар компания су және көбік арқылы өрт сөндіру бағытын да белсенді түрде дамытып келеді.
Бүгінде компания өнімдері тек Қазақстан нарығына ғана емес, сонымен қатар ТМД елдеріне де жеткізіледі.
Алдағы жылдары «Эгида Group» өндіріс көлемін кемінде екі есеге арттыруды, жаңа технологияларды игеруді және жеткізу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Бизнестің ауқымына қарамастан, Виктор Гусев қарапайым қағидаттарды ұстанады:
«Негізгі қағида — алдамау. Сонда сені де ешкім алдамайды». Ал кәсіп ашуды енді қолға алып жатқан кәсіпкерлерге: «Адам жұмыс істеп, дамыған сайын мүмкіндіктер біртіндеп өзінен-өзі пайда болады», — дейді ол.
«Egida Group» компаниясының тарихы – үздіксіз еңбек пен жүйелі жоспардың нәтижесінде, тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бизнесті құру мүмкін екенінің айқын көрінісі.
Алматы облысы, Көкөзек ауылы, Қарасу кварталы, 4153 құрылыс
Байланыс телефоны: +7 727 913 10 18
Instagram: egidagroupkz
Электрондық пошта: info@egida.kz