Кеңес ал!
Қабдолдин Айдос Серікович Таканов Аян Қанатұлы және Әдішев Бауыржан Сатбекұлымен бірлесіп, өңірлік экономиканы және ауыл шаруашылығы секторын дамыту, атап айтқанда біржылдық және екіжылдық дақылдарды өсіру мақсатында ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру туралы шешім қабылдады.
Осылайша, 2025 жылдың көктемінде Ұлытау облысы, Кеңгір кентінде «KENGIR AGRO» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды.
Мұндай кооперативтердің өңір үшін пайдасы зор. Біріншіден, олар ауылдық аумақтардың дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді. Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады және импортқа тәуелділікті төмендетеді. Үшіншіден, кооперативтер жер ресурстарын тиімді пайдалануға және заманауи агротехнологияларды енгізуге мүмкіндік беріп, өнімділіктің артуына және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, олар тұрақты салық түсімдерін қалыптастырып, инфрақұрылымды (қоймалар, көкөніс сақтау орындары, логистика) дамытады және сабақтас салалардың дамуын ынталандырады.
«KENGIR AGRO» кооперативінің негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұйымдастыру болып табылады. Кооператив ауыл шаруашылығы жұмыстарының толық циклін жүзеге асырады: топырақты дайындау, егіс егу, егісті күтіп-баптау, тыңайтқыш енгізу, өсімдіктерді қорғау, өнім жинау, сақтау және өткізу.
2026 жылы қызметін одан әрі дамыту мақсатында, атап айтқанда «Гала» және «Коломбо» сұрыпты картопты жалпы көлемі 350 гектар аумақта, сондай-ақ «Джеа (GEA)» және «Лазурная» сұрыпты жоңышқаны 200 гектар аумақта егу және өсіру үшін кооператив «Даму» қоры мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несиелік қаражат пен мемлекеттік қолдауға жүгінді.
Нәтижесінде кооперативке «Кең дала 2» бағдарламасы аясында несие сомасының 85%-ы мөлшерінде Қордың кепілдігі берілді.
Қазіргі таңда кооператив өз қызметін белсенді түрде жүргізуде және алдағы уақытта одан әрі дамуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында картоптың орташа өнімділігі 1 гектардан 25 тонна, ал жоңышқаның өнімділігі 1 гектардан 20 центнер деңгейінде күтілуде.