Кеңес ал!

17.04.2026

«Zhakyp IB» компаниясының табыс тарихы — бұл отандық өндірушінің ауқымды идеядан басталып, нарықта лайықты орын алып, тұтынушылардың сеніміне ие бола білгенінің айқын үлгісі. 2019 жылы Түркістан облысында негізі қаланған компания «SUAN» брендімен сапалы лак-бояу материалдарын өндіруге басымдық беріп, қысқа уақыт ішінде саланың айтулы ойыншыларының біріне айналды.

Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап кәсіпорында заманауи өндірістік стандарттарға ерекше көңіл бөлінді. Еуропалық технологияларды енгізу, өзіндік әзірлемелер және барлық кезеңдердегі қатаң сапа бақылауы компанияға нарықтың жоғары талаптарына сай өнім шығаруға мүмкіндік берді. Дәл осы сапа «SUAN» брендінің басты артықшылығына және тұтынушылар арасында танымал болуының негізіне айналды.

Отандық өнімге деген сұраныстың артуы компанияның даму перспективаларын кеңейтті. Бұл үдерісте шешуші рөлді «Даму» қорының қолдауы атқарды: 2022 жылы «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында АО «Банк ЦентрКредиттен» тартылған 21,5% мөлшерлемедегі несиенің 15,5%-ы субсидияланды. Дәл осы «Даму» қорының құралдарының арқасында кәсіпорын қаржылық жүктемені айтарлықтай азайтып, босатылған ресурстарды өндірісті кеңейтуге, қуаттылықты жаңғыртуға және өнім ассортиментін ұлғайтуға бағыттай алды.

Бүгінде «Zhakyp IB» 10-нан астам лак-бояу материалдарын шығарып, өнімдерін көтерме және бөлшек сауда нарығына ұсынады. Жеті жыл ішінде «SUAN» бренді тұрақты сапасы мен тұтынушы қажеттіліктеріне бағытталуының арқасында клиенттердің сеніміне ие болды.

Компания басшысы Тастанов Нұрсұлтан Жақыпұлының айтуынша, қол жеткізілген нәтижелер — тек үлкен жолдың бастауы ғана. Кәсіпорын алдағы уақытта да дамуын жалғастырып, өндіріс көлемін арттырып, отандық өнеркәсіптің дамуына өз үлесін қоса бермек.

 

Туркістан облысы, Қазығұрт ауылы, Данияров көшесі, 8 үй

Телефон: +7 (776) 358 50 05

Сайт: south_nur_91@mail.ru