Кеңес ал!
Сүйікті іспен айналысу — табысты бизнестің негізі. Бұған 20 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіпкер, «Etalon Termoplast» ЖШС негізін қалаушы Аскар Саппаев сенімді. Оның айтуынша, компанияның тұрақты дамуы мықты командасыз мүмкін емес — ортақ құндылықтарды ұстанатын, кәсібилігі жоғары және нәтижеге ұмтылатын адамдардың бірлігі маңызды.
«Etalon Termoplast» компаниясының тарихы 14 жыл бұрын пенополистирол мен қорғаныш жабыны бар қасбеттік декор өндірісінен бастау алды. Нарық сұранысын дәл анықтап, сапаға басымдық беру арқылы кәсіпорын алғашқы жылдардың өзінде-ақ өз сегментінде берік орынға ие болды. Өнімдері сенімділігімен, монтажға қолайлылығымен және сәулеттік шешімдерге кең мүмкіндік беруімен тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Бүгінде «Etalon Termoplast» — үнемі ассортиментін кеңейтіп отырған заманауи өндірістік кәсіпорын. Компания негізгі өнімдерінен бөлек, алынбайтын полистирол қалыптарын, қасбеттік термопанельдерді, сондай-ақ әртүрлі диаметрдегі құбырларға арналған жылуоқшаулағыш қабықшаларды шығарады. Барлық өнім түрлері құрылыс саласының заманауи талаптарына сай, жоғары пайдалану қасиеттерімен және ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді.Компанияда кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда кәсіпорында 14 жұмыс орны құрылған, қызметкерлер тұрақты түрде оқытылып, біліктілігін арттырып отырады. Бұл тәсіл өндіріс сапасын жоғары деңгейде ұстап қана қоймай, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Компанияның басты басымдығы — сапа. Дәл осы фактор тұтынушылар сенімін қалыптастырып, өнімге деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді. «Біз тек материал өндірмейміз — біз құрылысты жылдам, сенімді әрі тиімді ететін шешімдер ұсынамыз», — дейді Аскар Саппаев.
Кәсіпті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпорын ForteBank тарапынан қаржыландыруға қол жеткізді. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «КҚ-1 шеңберінде кепілдендіру» бағдарламасы аясында несиеге кепілдік ұсынып, қосымша қолдау көрсетті. Бұл өндірісті жаңғыртуға, қуаттылықты арттыруға және өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Алдағы жоспарлар қатарында — өндірістік процестерді автоматтандыруды жалғастыру, жеткізу географиясын кеңейту және энергия тиімділігі мен экологиялық талаптарға сай жаңа өнім түрлерін игеру бар.
Осылайша, «Etalon Termoplast» жинақталған тәжірибені, заманауи технологияларды және стратегиялық даму көзқарасын үйлестіре отырып, алға сенімді қадам жасауда.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық көшесі 72Б-16
etalon.termoplast@mail.ru электрондық поштасы
Facebook:@etalon.termoplast
телефондар 8 (7122) 30-63-06,
8 (7122) 20-02-02, 8 (701) 965-18-94