Кеңес ал!

24.04.2026

««Zangar» зияткерлік мектебі 2020 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында құрылды. Алғашында мектеп жалға алынған ғимаратта жұмысын бастап, 220-ға дейін бастауыш сынып оқушысын оқытты. Мектеп басшылығы бастапқы кезеңнен-ақ заманауи, мүмкіндігі кең білім ордасын құруды мақсат етті. 

Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Халық Банкі арқылы қаржыландыру тартылып, Даму қоры тарапынан қолдау көрсетілді. Пайыздық мөлшерлеме 7%-ға дейін төмендетіліп, нәтижесінде 4277 м² заманауи ғимарат салынды және толық жабдықталды. 

Қазіргі таңда мектепте 1–8 сынып аралығында 470-ке жуық оқушы білім алуда. Сабақтар заманауи кабинеттерде өтеді, ағылшын тілі тереңдетіліп, тіл иесімен оқытылады. Сонымен қатар, оқушылар робототехника бойынша түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болуда. 

Мектеп интернат ретінде де жұмыс істейді: басқа елді мекендерден келген балаларға жатақхана мен күніне 3 рет тамақ беріледі. Білім беру үдерісін тәжірибелі, білікті ұстаздар қамтамасыз етеді. 

«Zangar» — сапалы білім мен қолайлы жағдайды ұштастырған, өңірдегі маңызды білім беру орталығы. 

Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Тагаев көшесі, үй 4;
Тел: 8 707 116 29 52
Инст: @zangar_s chool