Кеңес ал!

05.05.2026

2023 жылы қызығушылықтан бастау алған бұл кәсіп бүгінде отандық өндірістің дамуына өзіндік үлесін қосып отырған маңызды жобалардың біріне айналды. Кәсіптің негізін қалаушы Ермек Ақылбекұлы ағаш өңдеу саласына деген қызығушылық негізінде Қытай Халық Республикасына арнайы барып, осы бағыттағы өндіріс үдерістерін жан-жақты зерттеп, тәжірибе жинақтаған. Сапар барысында ол: «Неге дәл осындай өндірісті өз елімізде қолға алмасқа?» - деген ойға келеді. Осылайша, Қазақстанда ағаштан қабыршақ , фанера, түрлі тақталар мен панельдер өндіру идеясын жүзеге асыруға бел буады.

Бұл саланы егжей-тегжейлі меңгерген Ермек Ақылбекұлы отандық нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Нәтижесінде, Qazaq.kaz өндірісі Алматы облысында алғашқылардың бірі болып тұтынушыларға ағаш өнімдерінің кең ассортиментін ұсына бастайды.

Кәсіптің бастапқы кезеңінде түрлі қиындықтар кездескенімен, табандылық, үздіксіз еңбек және отбасының қолдауының арқасында өндіріс өз бағытын нықтап, тұрақты дамуға қол жеткізді.

Кәсіптің дамуына мемлекеттік қолдау да оң әсерін тигізді. Атап айтқанда, 2025 жылы кәсіпорын «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының «Өрлеу» бағдарламасы аясында 12,6%-бен қаржылай қолдау алып, өндіріс ауқымын кеңейтуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік алды.

Бүгінде Qazaq.kaz кәсіпорны ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, өндіріс көлемін ұлғайтып, экспортқа шығу мүмкіндіктерін де қарастыруда.

Отандық өндірісті дамыту жолындағы бұл бастама — ел экономикасының өркендеуіне қосылған маңызды үлес. Алдағы уақытта кәсіпорын өз өнімдерінің сапасын арттырып, халықаралық нарықта да бәсекеге қабілетті брендке айналуды мақсат етіп отыр.

 

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш , Үшқоңыр көшесі, 57-үй

Байланыс нөмірі : +7 707 780 00 74