Кеңес ал!

04.05.2026

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі нарығында директор Жамшит Рустамулы Толашовтың жетекшілігімен құрылған «Ленгерское Ностальгия» компаниясы өз орнын нығайтып келеді.. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде кәсіпорын 2023–2025 жылдар аралығында мұқият дайындықтан өтіп, 2025 жылдың мамырында өндірісті толыққанды іске қосты. Сол уақытта балмұздақтың, қамырдың, сондай-ақ аппараттық және қолмен түйілген пельмендер мен варениктердің алғашқы партиялары шығарылды. Бүгінде 50-ден астам қызметкер жұмыс істейтін компания өз қызметін табиғи шикізатқа, жүйелі басқаруға және заманауи өндірістік тәсілдерге негізделген мықты отандық бренд идеясының айналасында құрып отыр. Бұл тәсіл кәсіби команда қалыптастыруға, клиенттік базаны бүкіл Қазақстан бойынша кеңейтуге және нарыққа жоғары сапа стандарттарына сай келетін өнім ұсынуға мүмкіндік берді.

Кәсіпорынның дамуында «Даму» қорының мемлекеттік қолдауы маңызды рөл атқарды. «Өрлеу» бағдарламасы аясында компания «ForteBank» АҚ арқылы 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелік қаржыландыруға ие болды. Тартылған қаражат заманауи жабдықтарды — льдогенераторды, экструзиялық желіні және спиральді көтергішті сатып алуға бағытталды. Қордың қолдауы өндірістік процестерді автоматтандыруға, өнім шығару көлемін айтарлықтай арттыруға және компанияның ішкі нарықтағы орнын нығайтуға жағдай жасады.

Бүгінгі таңда «Ленгерское Ностальгия» Қазақстандағы өз орнын одан ары нығайтуға және ірі сауда желілеріне шығуға баса назар аударып отыр. Компанияның стратегиялық жоспарында — алдағы 2-3 жылда өндірісті кеңейту, тиімділікті арттыру және ТМД елдерінің нарықтарына шығу көзделген.

Директор Жамшит Толашов атап өткендей, табыстың басты факторы — ресурстарды: қаржыны, уақытты және команданы сауатты басқару болып қала береді.

Мекен-жайы: Туркістан облысы, Төле би ауданы, Бірінші мамыр а.о., бірінші мамыр ауылы, С.Ерубаев көшесі, 1 үй

Телефон: +7 771 341 19 99

Сайт: lengerskoe.kz