Кеңес ал!
«Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның тарихы 1991 жылы он қызметкерден құралған шағын ұжымнан және қазақстандық тұтынушыларға сапалы өнім ұсыну мақсатынан бастау алды. Бүгінде кәсіпорын еліміздегі жетекші су өндірушілердің біріне айналып, оның өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады.
Кәсіпорын табысының негізі – Ақмола облысындағы өзіне тиесілі жер асты су көздерінен алынатын бірегей табиғи су. Табиғи су жасанды тазартудан немесе қосымша минералдандырудан өтпейді, сондықтан өзінің құрамын толық сақтайды. Дәл осы сапасы нарықтағы өнімдердің маңызды артықшылығы болып табылады.
Кәсіпорынның мақтанышы – Turan бренді. Ол Орталық Азияның тарихқа бай мұрасын, табиғаттың тазалығын және жоғары сапа үлгісін бейнелейді.
Жылдар ішінде кәсіпорын 10 қызметкері бар шағын өндірістен 350-ден астам адам еңбек ететін ірі кәсіпорынға айналды. Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі халықаралық нарыққа шығу және экспорттық бағытты белсенді дамыту болды. Қазіргі таңда кәсіпорын өнімдері ТМД, Еуропа және Азия елдеріне жеткізіледі.
Кәсіпорынның дамуына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ қолдауы зор үлес қосты. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бағдарламасының арқасында кәсіпорын тоңазытқыш жабдықтарын сатып алып, оларды Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі сауда орындарына орнатты. Бұл өнімнің қолжетімділігін арттырып, кәсіпорынның нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік берді.
Алдағы жылдары кәсіпорын өндірісті жаңғыртып, экспорт көлемін ұлғайтуды, сондай-ақ АҚШ пен Ұлыбритания нарықтарына шығуды жоспарлап отыр.
Кәсіпкерлерге кәсіпорын ұжымы қиындықтардан қорықпауға және әрқашан сапаға басымдық беруге кеңес береді.
«Тәуекел етіңіздер – сонда бәрі де сәтті болады!»
Мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 11-ші өткел, 54/1 ғимарат.
Instagram: turanwater
Тел.: 8 (7162) 29-70-70