Кеңес ал!

18.05.2026

15 жыл бұрын Мария мен Ильяс шағын бөлмеде бірнеше эскиз бен үлкен арманнан бастаған еді. Бүгінде Balausa Jewelry — Қазақстан бойынша 40-қа жуық дүкені бар, оның ішінде жеке флагмандық бутигі де жұмыс істейтін танымал бренд. Компания қазақстандық зергерлік өнердің символдарының біріне айналуды мақсат етіп, қарқынды дамып келеді.

Брендтің тарихы 2010 жылы басталды. Кішкентай бөлмеде алғашқы эскиздер жасалып, алғашқы тапсырыстар қабылданып, үлкен жоспарлар құрылды. Уақыт өте келе бизнес кеңейіп, өндіріс көлемі артып, өнімге деген сұраныс жылдан жылға өсе бастады.

Алғашында компания тек күмістен жасалған бұйымдармен жұмыс істесе, бүгінде Balausa Jewelry алтын әшекейлер ұсынып, авторлық дизайнерлік топтамаларын дамытып, нарықтағы өз орнын нығайтып келеді. Брендтің 40 дүкенінің төртеуі Шымкент қаласында орналасқан. Сауда нүктелерінің басым бөлігі франшиза арқылы ашылған, бұл брендке деген жоғары сенімді көрсетеді.

2026 жылы Мария «1-Кепілдік қоры» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға жүгініп, «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыру мақсатында қаржыландыру алды.

Бүгінде Қазақстандағы зергерлік өнімдердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Алайда Мария мен Ильяс отандық брендтің нарықта табысты бәсекелесе алатынына сенімді. Олардың басты мақсаты — Balausa Jewelry брендін Қазақстандағы жетекші зергерлік өндірушілердің қатарына қосып, сапалы әрі заманауи әшекейлердің Қазақстанда да жасалатынын дәлелдеу.

Balausa Jewelry тарихы — еңбек, отбасылық серіктестік және арманға адалдықтың тарихы. Бұл — табандылық пен өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында қарапайым идеяның уақыт өте келе мықты әрі танымал брендке айнала алатынының айқын дәлелі.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабы, 250А учаскесі

Телефон: +7 702 225 11 14

Instagram: @balausa.jewellery