Кеңес ал!

04.06.2026

«Қазақстандық Мұнай Жабдықтары Зауыты» ЖШС (ҚМЖЗ) – мұнай-газ саласына арналған өнімдер шығаратын отандық жетекші кәсіпорындардың бірі. Ақтөбе қаласында орналасқан зауыт сорғы-компрессорлық және шегендеу құбырларын, жоғары қысымды резервуарларды, блокты-модульдік қондырғыларды, сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ кен орындарында кеңінен қолданылатын басқа да жабдықтарды өндіруге маманданған.

Өз қызметі барысында компания заманауи өндірістік базаны қалыптастырып, мұнай-газ секторындағы кәсіпорындарға сенімді өнім жеткізуші ретінде танылды. Зауыттың өндірістік қуаттары ірі тапсырыстарды орындауға және саланың талаптарына толық сәйкес келетін отандық өнімдермен нарық сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өндіріс көлемінің артуы мен шығарылатын өнімге деген сұраныстың өсуі жағдайында кәсіпорын алдында өндірістік циклдің тұрақтылығын сақтау және шикізат пен материалдарды уақтылы сатып алу міндеті тұрды. Осы мақсатта компания 2024 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландыру тартты.

Алынған қолдау кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, тапсырыс берушілер алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындауға және қажетті өндіріс көлемін сақтауға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде компанияның нарықтағы позициясын нығайтып, тұрақты даму қарқынын сақтауға ықпал етті.

Жобаны іске асырудың оң нәтижелерін ескере отырып, 2025 жылдың желтоқсан айында ҚМЖЗ «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыру мақсатында қайтадан қаржыландыруға ие болды.

Бүгінде «Қазақстандық Мұнай Жабдықтары Зауыты» ЖШС отандық өнеркәсіптің дамуына өз үлесін қосуды жалғастырып, Қазақстанның мұнай-газ саласын сапалы әрі өз өндірісінде шығарылған өнімдермен қамтамасыз етуде. Компания тарихы өндірістік тәжірибе, заманауи технологиялар және мемлекеттік қолдау құралдарының үйлесуі қазақстандық бизнестің тұрақты дамуына қалай ықпал ететінінің жарқын үлгісі болып табылады.

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, 41-разъезд, 521
Байланыс телефоны: +7 (7132) 97-23-11
Сайт: kzno.kz