Кеңес ал!
Бала тәрбиесіне ерекше ықыласпен қарайтын Ешметова Гүлнара Желеуовна өз кәсібін шағын ғана 21 орындық балабақша ашудан бастаған болатын. 2016 жылдың 23 қыркүйегінде алғашқы «Ақбота» балабақшасы 21 бүлдіршінге есігін айқара ашты.
Бүгінде балабақшалар саны алтауға жетіп, онда 700-ден астам бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, мекемелерде 115 қызметкер еңбек етіп, бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына өз үлестерін қосуда.
Балабақшаларда жоғары білікті педагогтар мен мамандар қызмет атқарады. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, күніне бес мезгіл құнарлы тамақ беріледі. Сондай-ақ, заманауи ойын алаңдары мен дамыту орталықтары қарастырылған.
Балабақшаның басты ерекшелігінің бірі – балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстар. Білікті мейірбике күн сайын тәрбиеленушілердің денсаулығын бақылап, тұрақты тексеру жүргізеді. Сонымен қатар, балабақшада тұзды шахта жұмыс істейді. Тұзды ауаның емдік қасиеті баланың тыныс алу жолдарын тазартуға, мұрын мен өкпенің саулығын сақтауға көмектеседі.
2022 жылы Форте банк арқылы несие алып, Даму қорының қолдауымен субсидиялады және айтуынша бұл қаржыны масштаб үлкейтуге жұмсаған.
Бұл мекен сапалы тәрбие мен білімнің, қамқорлық пен мейірімнің ордасы. Мұнда әрбір баланың дені сау, білімді әрі бақытты болып өсуіне барлық жағдай жасалған.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 2/3
Телефон: +7 778 668 88 57
Instagram: kosha_kan7