Кеңес ал!

02.06.2026

Оразбаев Бағлан еңбек жолын сауда саласында бастады. Жинақтаған тәжірибесі оған нарықты, тұтынушылардың қажеттіліктерін және бизнесті жүргізудің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Кейіннен ол кәсіпкерлік қызметпен айналысып, өз жұмысын сауда саласында жалғастырды.

Уақыт өте келе Бағлан қалада құрылыс саласының қарқынды дамып келе жатқанын байқады: тұрғын үйлер салынып, мейрамханалар, кафелер, сауда нысандары мен басқа да коммерциялық ғимараттар ашыла бастады. Құрылыс көлемінің артуымен бірге сапалы металл бұйымдары мен металл конструкцияларына деген сұраныс та айтарлықтай өсті.

Осы бағыттың болашағын бағалай отырып, Оразбаев Бағлан жұбайымен бірге металл өңдеу саласында отбасылық кәсіп ашу туралы шешім қабылдады. Осылайша кәсіпкерлер нарықтағы өз орнын тауып, металл бұйымдары мен металл конструкцияларын өндіру ісін қолға алды.

Кәсіпті кеңейту мақсатында кәсіпкерлер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан қаржыландыру алды. «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» қоры жобаға несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, сондай-ақ кепілдік мүлік жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік беру арқылы қолдау көрсетті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлер қажетті қаржыландыруға қол жеткізіп, қаржылық жүктемені азайтып, қаражатты өндірісті дамытуға бағыттай алды.

Алынған қарыз қаражаты айналым қаражатын толықтыруға және металл бұйымдары мен металл конструкцияларын өндіруге қажетті шикізатты сатып алуға жұмсалды. Бұл кәсіпорынның өндірістік процесін тұрақты жүргізуге, өнім шығару көлемін арттыруға және нарықтағы өз позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

Бүгінде өндірістік цех табысты жұмыс істеп, өнімнің кең ассортиментін шығаруда. Атап айтқанда, бастырмалар, қақпалар, есіктер, ангарлар, қоршаулар, тұтқалар, баспалдақтар, шарбақтар, терезе торлары, сондай-ақ түрлі техникалық және құрылыс конструкциялары өндіріледі. Өнім түрлері үнемі кеңейіп, орындалатын жұмыстардың сапасы клиенттердің сенімін арттыруға ықпал етуде.

Қызметі барысында кәсіпорын өңірде және одан тыс жерлерде кең клиенттік базаны қалыптастырды. Тапсырыстар Қазақстанның түрлі қалаларынан келіп түсуде, бұл шығарылатын өнімнің жоғары сұранысқа ие екенін және бизнестің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді.

Оразбаевтар отбасының тарихы — кәсіпкерлік қабілет, жаңа бағыттарды игеруге деген ұмтылыс және мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалану арқылы табысты әрі сұранысқа ие бизнесті қалыптастыруға болатынының жарқын үлгісі.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы., Сырдария м/а, Байқоңыр к-і, 72А үй

тел: 8 777 113 19 17 , inst: @metallist.kz