Кеңес ал!

02.06.2026

Қаржыгер мамандығын меңгерген, мейрамхана бизнесінде он жылдан астам тәжірибе жинақтаған Арман Нұриевич Төлеуханов. Жылдар бойы ол өз ісінің нағыз маманы, клиенттердің қажеттіліктерін терең түсінетін әрі жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді ұйымдастыра алатын кәсіби кәсіпкер ретінде бедел қалыптастырды. Жинақталған тәжірибе, кәсіпкерлік көзқарас және үздік нәтижеге ұмтылыс оның жаңа ауқымды жобасы – EUROPA HOTEL қонақ үйінің негізін қалады. Семей қаласының дәл орталығында орналасқан EUROPA HOTEL қаланың сәулеттік келбетіне үйлесімді кірігіп, оның көрікті нысандарының біріне айналды. Қонақ үйдің эстетикалық сыртқы келбеті өзінің ұстамды талғампаздығымен ерекшеленсе, жан-жақты ойластырылған тұжырымдамасы оны заманауи жайлылық пен еуропалық сапаның символына айналдырып отыр. Қонақ үйді құру барысында Арман Төлеуханов қалыптасқан стандарттардан тыс, ерекше бағыт ұстануды мақсат етті.

EUROPA HOTEL-де бар болғаны 23 нөмір бар. Бұл әрбір қонаққа жеке көңіл бөліп, жайлы әрі тыныш атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әр нөмір өзіндік көркемдік безендіру ерекшелігімен дараланады. Интерьерлер ашық әрі көзге жағымды, сабырлы реңктермен безендіріліп, артық сән-салтанаттан ада жасалған. Қонақ үй аумағында 20 жұмыс орнына арналған заманауи коворкинг аймағы жабдықталған. Мұнда жаңа компьютерлер, ыңғайлы жиһаз және сапалы жарықтандыру қарастырылған. Бұл кеңістік қонақтарға тиімді жұмыс істеуге, онлайн кездесулер өткізуге және маңызды жобаларын жайлы ортада аяқтауға мүмкіндік береді. Іскерлік іс-шараларды өткізу үшін EUROPA HOTEL-де 50 адамға дейін сыятын заманауи конференц-зал жұмыс істейді. Үлкен экранмен, кәсіби техникалық жабдықтармен және қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген зал бизнес-кездесулер, семинарлар, тренингтер мен презентациялар өткізуге толықтай бейімделген. Қонақ үйдің тағы бір маңызды артықшылығы – трансфер қызметінің ұйымдастырылуы. Қонақтарды қарсы алу және шығарып салу үшін жайлы автокөлік ұсынылады, бұл қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыра түседі.

2026 жылы «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында 500 млн теңге көлемінде қаржыландыру алып, сондай-ақ «Кепілдік қоры – 1» бағдарламасы бойынша 199,5 млн теңге көлемінде кепілдікке ие болуының нәтижесінде, жылдық 12,6 пайыздық мөлшерлемемен «Банк ЦентрКредит» АҚ серіктестігі арқылы компания қонақ үй ғимаратын қайта жаңғыртып, заманауи әрі жайлы қонақ үй қызметін ұйымдастыруға қажетті негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Арман Нұриевич Төлеуханов үшін EUROPA HOTEL жобасы табыстың негізі өз ісіне деген сүйіспеншілік, үздіксіз даму және адамдар үшін ең жақсы жағдай жасауға деген ұмтылыс екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

+7 747 750 70 00

Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Т.Уранхаев көшесі, 9

Инстаграмм: @europa.hotel.semey