Кеңес ал!
Атырау облысы Қазақстанның ең ірі мұнай-газ жобалары жүзеге асырылатын жетекші өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. Осындай жағдайда халықаралық талаптарға сай келетін сапалы өнім өндіруге қабілетті отандық кәсіпорындардың маңызы ерекше.
Солардың бірі – 2013 жылы «Centrasia Group» өнеркәсіптік холдингінің өндірістік бөлімшесі ретінде құрылған «CENTECH» ЖШС. Өз қызметі барысында компания өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында сұранысқа ие металл және электротехникалық бұйымдардың сенімді отандық өндірушісі ретінде танылды.
Компания толықтай отандық өндіруші болып табылады және өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Кәсіпорынның 2 000 шаршы метрден астам аумақты қамтитын өндірістік базасы заманауи жоғары өнімді жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Компания қызметінің негізгі бағыттарына кабельдік трассаларды төсеу жүйелерін, электр және тарату қалқандарын, сондай-ақ өндірістік және азаматтық мақсаттағы нысандарда қолданылатын түрлі металл конструкцияларды өндіру жатады. Кәсіпорын шығарылатын өнім сапасына ерекше көңіл бөледі.
Компания қолданыстағы техникалық стандарттарға сәйкес заманауи технологияларды пайдалана отырып, мырышталған және ыстықтай мырышталған кабельдік науаларды өндіреді. Озық жабдықтарды пайдалану өнімнің жоғары дәлдікпен жасалуын, сенімділігін және күрделі климаттық әрі өндірістік жағдайларда ұзақ мерзім қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорында әзірленіп, өндірілетін кабельдік трассаларды төсеу жүйелері мен тарату қалқандары әртүрлі нысандарды электрмен жабдықтаудың тиімді шешімі болып табылады. Олардың басты артықшылықтары – монтаждау ыңғайлылығы, пайдалану сенімділігі және экономикалық тиімділігі.
«CENTECH» ЖШС жоғары сапалы өнімінің, тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне икемді көзқарасының және өндірістік процестерді үнемі жетілдіруінің арқасында мұнай-газ секторы, құрылыс және өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындармен табысты ынтымақтастық орнатқан. Компания «Теңізшевройл» ЖШС Үшінші буын зауытының (ЗТП) құрылысына қатысып, Атырау облысындағы KPI, Silleno, Petrochem секілді ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруға атсалысуда. Сонымен қатар кәсіпорында ISO 9001, ISO 45001 және ISO 14001 халықаралық сертификаттары енгізілген.
Қазіргі уақытта кәсіпорында 26 қызметкер еңбек етеді. Жыл сайын 1 000-нан астам электр шкафтары мен 100 шақырымнан астам кабельдік науалар өндіріледі.
Өндірісті кеңейту және заманауи лазерлік жабдықтар мен прокаттық станоктарды сатып алу мақсатында кәсіпорын қаржылық қолдау алды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен ынтымақтастық аясында компания «Өрлеу» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жылдық 12,6 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді.
Кәсібилік, заманауи технологиялар және тұрақты даму қағидаттарын ұстану «CENTECH» ЖШС-не бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және Атырау облысының тұрақты экономикалық дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында компания Астана қаласында өткен отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне белсенді қатысты.
Атырау қаласы, Береке ықшамы,13
+77787311751
Инстаграм: centech.kz