Кеңес ал!

16.06.2026

Оразғалиева Жазира Ерланқызының тарихы – екі жоғары медициналық білімі бола тұра, мүлде басқа салада өз орнын тауып, табиғи шұжық өнімдерінің сұранысқа ие өндірісін құрған кәсіпкердің табысты жолы. Жазира Ерланқызы ең алдымен – ана. Балаларының шұжық өнімдерін сүйіп жейтінін көріп, ол нарықта құрамы шынымен сапалы әрі пайдалы өнім табудың неге соншалықты қиын екендігі туралы жиі ойлана бастады.

Медициналық білімі оған адам ағзасы үшін, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Осылайша, құрамындағы ақуыз мөлшері 80%-ға дейін жететін өнім өндіру идеясы дүниеге келді. Мұндай өнімдер ағзаның дұрыс дамуына, бұлшықет массасын сақтауға және адамды қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар өндіріс барысында пайдалы дәрумендер мен минералдарды барынша сақтауға мүмкіндік беретін технологияларға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл идеяны жүзеге асыруда отбасының қолдауы зор рөл атқарды. Жазира Ерланқызын алғашқы күннен бастап жұбайы және осы салада техникалық білімі мен тәжірибесі бар туыстары қолдап отырды. Олардың қолдауы арманды нақты өндірістік жобаға айналдыруға көмектесті.

Бүгінде Оразғалиева Жазира Ерланқызының «КеремЕт» брендімен шұжық өнімдерінің кең ассортиментін шығарады. Өнім түрлеріне тауық еті, сиыр еті және жылқы етінен дайындалған шұжықтар, ысталған тауық еті, құс етінен жасалған жартылай ысталған өнімдер, сондай-ақ әртүрлі пісірілген шұжықтар кіреді. Барлық өнімдер шикізат сапасына және өндіріс технологияларының сақталуына ерекше мән бере отырып өндіріледі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 200–300 келі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өнімдер облыс аумағында және Павлодар облысының Екібастұз қаласында табысты сатылуда. Алдағы жоспарларда өндіріс көлемін тәулігіне 1 тоннаға дейін ұлғайту, өткізу нарықтарын кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

Компания 2026 жылы «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында жылдық 12,6% мөлшерлемемен 155 млн теңге көлемінде несие алып, серіктес ұйым – АҚ «Forte Bank» арқылы өндірістік жабдықтар мен негізгі құралдарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кәсіпорынның толыққанды өндірісті дамытуына үлкен серпін берді.

Жазира Ерланқызы медицинадан тағам өндірісіне дейінгі жолдан өтіп, өміріндегі екі маңызды бағытты – адамдардың денсаулығына қамқорлық жасауды және кәсіпкерлікті сәтті ұштастыра білді.

+7 701 560 45 49

Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., К.Бозтаев көшесі, 33

Инстаграмм: @coffee.in.semey