Кеңес ал!

15.06.2026

«АгроСервис-Батыс» ЖШС – 2005 жылы құрылған, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Сұлу Көл ауылында орналасқан ірі агрокәсіпорын. Компания дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды өсірумен, сондай-ақ тұқым шаруашылығымен айналысады. Негізгі дақылдарына бидай, арпа, күнбағыс, сафлор, ноқат және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері жатады.

Қызметінің алғашқы кезеңінен бастап кәсіпорынның басты мақсаты – жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңірдің аграрлық секторын дамыту болды. Осы мақсатқа жету үшін компания заманауи агротехнологияларды енгізіп, жер ресурстарын тиімді пайдалану және өндіріс мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.

«АгроСервис-Батыс» ЖШС табысының негізгі факторларының бірі – заманауи ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және егін шаруашылығын ғылыми негізде ұйымдастыру. Егіс алқаптарын тиімді жоспарлау, тұқым сапасын бақылау және агротехникалық талаптарды қатаң сақтау өнімділіктің тұрақты жоғары болуын қамтамасыз етті.

Компания тұқым шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сапалы тұқым материалын өндіру арқылы кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруға және фермерлік шаруашылықтардың тиімділігін көтеруге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде өңірдің аграрлық саласының тұрақты дамуына мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда компания мемлекеттік қолдау бағдарламаларына белсенді түрде қатысуда. Соңғы жылдары айналым қаражатын толықтыру және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған қаржыландыруды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жүзеге асырып келеді, яғни Кепілдендіру қоры шеңберінде 85%-ға дейін кепілдік алу мүмкіндігін пайдалану арқылы қаржылық тұрақтылығын арттыруда.

«АгроСервис-Батыс» ЖШС өнімдері ішкі нарықта тұрақты сұранысқа ие және сонымен қатар шетелдік серіктестерге де экспортталады. Экспорттық бағыттың дамуы компанияның халықаралық деңгейдегі сенімді серіктес ретінде қалыптасқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның дамуына білікті мамандар мен агрономдар ұжымы үлкен үлес қосуда. Олардың тәжірибесі, жауапкершілігі және үздіксіз жетілуге деген ұмтылысы өндірістік тиімділікті арттырып, жоғары сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді. 

Қорытындылай келе, «АгроСервис-Батыс» ЖШС – заманауи агротехнологияларды тиімді қолданып, тұрақты дамуға қол жеткізген табысты агрокәсіпорын. Компания ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосып, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіруде.

 БҚО, Бәйтерек ауданы, Сұлукөл ауылдық округі, Сұлукөл ауылы, б/у көшесі, 6Г үй,

+7 777 007 77 51

@asb.agro