Кеңес ал!
«Бек-Авто» автомектептер желісі – болашақ жүргізушілерге көлік жүргізу дағдыларын сенімді меңгеруге және жүргізуші куәлігін алуға көмектесетін заманауи білім беру орталығы. Бүгінде компания Шымкент, Астана және Алматы қалаларындағы тоғыз филиалы арқылы көпжылдық тәжірибе мен заманауи технологияларға негізделген сапалы оқытуды ұсынады.
«Бек-Автоның» басты мақсаты – тыңдаушыларды емтиханды сәтті тапсыруға дайындап қана қоймай, қауіпсіз әрі жауапты көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру. Оқыту онлайн және офлайн форматтарда жүргізіледі және жол қозғалысы ережелерін зерделеуді, интерактивті материалдармен жұмыс істеуді, тест тапсырмаларын орындауды және заманауи онлайн-оқулықты пайдалануды қамтиды.
Емтиханға дайындық барысында Қазақстанның жол қозғалысы ережелері бойынша жаңартылған тест базасы және автомектеп мамандары әзірлеген өзіндік тестілеу жүйесі қолданылады. Сонымен қатар, тыңдаушылар жеке кабинетке қол жеткізіп, оқу материалдарын меңгеріп, оқытушылардан кеңес ала алады.
Практикалық сабақтар тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен автодромда және қала көшелерінде өткізіледі. Тыңдаушылар емтиханның барлық негізгі элементтерін меңгеріп, жол жағдайын дұрыс бағалауды, көлік құралын сенімді басқаруды және қауіпсіз шешім қабылдауды үйренеді. Бұдан бөлек, мамандандырылған ХҚКО-дағы емтихан талаптарына барынша жақындатылған сынақ емтиханы ұйымдастырылады.
Компания үнемі дамып, оқыту сапасын жетілдіріп келеді. 2023 жылы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында автомектептің автопаркі кеңейтілді. Жобаны қаржыландыруды «Банк ЦентрКредит» АҚ жүзеге асырса, кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік қолдауды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры көрсетті.
Бүгінде «Бек-Авто» өз тыңдаушыларына жүргізуші куәлігін алуға ғана емес, сондай-ақ қауіпсіз көлік жүргізуге және жол қозғалысына сенімді қатысуға қажетті білім, тәжірибе және практикалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
Шымкент қаласындағы филиалдардың мекенжайлары:
Рысқұлов көшесі, 14/1;
Мәңгілік Ел көшесі, 37/1;
Байтұрсынов көшесі, 9/2, «NSK» бизнес орталығы.
Телефон: +7 (707) 203-74-31.