Кеңес ал!
«Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіретін отандық ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады және көптеген жылдар бойы өңір мен еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Кәсіпорын өз қызметін Жезқазған қаласында бастап, жылдар бойы заманауи өндірістік кешенге айналды. Бүгінде компания тоқыма өнімдерінің, арнайы киімдердің және экономиканың түрлі салаларына арналған басқа да бұйымдардың кең ассортиментін шығарады. Компания өнімдері Қазақстанның ішкі нарығында ғана емес, шетелдік нарықтарда да жоғары сұранысқа ие.
Кәсіпорын дамуының маңызды кезеңдерінің бірі өндірістік қуаттарды кеңейтуге және жабдықтарды жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру болды. Жобаны табысты жүзеге асыру үшін компанияға қосымша қаржыландыру қажет болды. Алайда көптеген кәсіпкерлер сияқты кәсіпорын да жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету мәселесіне тап болды.
Бұл мәселені «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан көрсетілген мемлекеттік қолдау шешуге мүмкіндік берді. «Кепілдік қоры 1» құралы аясында «Даму» қоры несие бойынша кепілдік ұсынып, компанияға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы қажетті қаржыландыруды алуға және қаражатты өндірісті одан әрі дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасады.
Кепілдік беру тетігінің арқасында кәсіпорын өндірісті жаңғырту жөніндегі жоспарларын жүзеге асырып, еңбек өнімділігін арттырды, шығарылатын өнім түрлерін кеңейтті және нарықтағы өз позициясын нығайтты. Сонымен қатар, жобаның іске асырылуы қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етті, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды.
Бүгінде «Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС бизнесті кәсіби түрде жүргізудің, инновацияларды тұрақты енгізудің және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланудың арқасында қарқынды дамып, отандық өндірістің өркендеуіне үлес қосып отырған табысты қазақстандық кәсіпорынның жарқын үлгісі болып табылады.
Мекен-жайы: Жезқазғанқ., Прохор Холмецкий к-сі, 4А.
Instagram: @pik_utaria
Телефон: +7 (7102) 72-06-11
Сайт: https://www.utari.kz/