Кеңес ал!

13.06.2026

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қауіпсіздік департаментінің бас менеджері Берік Ерғалиұлы Сүлейменов еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі бойынша ISO 45001 халықаралық стандартына арналған біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті.

Оқу бағдарламасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заманауи тәсілдерді, тәуекелдерді басқару құралдарын және ISO 45001 стандарты талаптарын тәжірибеде қолдану мәселелерін қамтыды.

Оқу қорытындысы бойынша қызметкерге оқу бағдарламасын сәтті аяқтағанын растайтын сертификат табысталды.