Кеңес ал!
Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында орналасқан «RM Stone» ЖШС қалалық инфрақұрылым мен өнеркәсіп салаларында сұранысқа ие өнімдер өндірісін дамытып келеді. Компания абаттандыруға арналған шойын бұйымдарын шығарады, жүк көтергіш жабдықтар жасайды және өндірістік қуаттарын біртіндеп арттыруда. Сегіз жыл ішінде кәсіпорын жаңа бағыттарды игеріп, өз өңірінен тыс нарықтарға да шықты.Компания өз қызметін 2018 жылы бастады. Алғашқы кезеңде ұжым өндірістік үдерісті ұйымдастыруға және нарық қажеттіліктерін зерделеуге басымдық берді. Біртіндеп кәсіпорын металл өңдеу және құю өндірісі бағыттарын дамытты. Кейін басшылық жүк көтергіш жабдықтар шығаруды қолға алу туралы шешім қабылдады. Бұл инженерлік мамандарды тартуды және жеке өндірістік базаны дамытуды талап етті.
Бүгінде көпірлі және төрттағанды крандар жасау «RM Stone» ЖШС қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналды. Кәсіпорын жабдықтарды өндірумен және жинақтаумен қатар, оларды жеткізуді, монтаждауды және іске қосу-баптау жұмыстарын ұйымдастырады. Мұндай кешенді тәсіл өнеркәсіптік кәсіпорындардың тапсырыстарын орындауға және жобаны іске асырудың әр кезеңінде тапсырыс берушілердің талаптарын ескеруге мүмкіндік береді. Компания металл конструкцияларын дайындаудан бастап, жабдықтарды пайдалану орнына орнатуға дейінгі жұмыстарды сүйемелдейді. Өнім жеткізу географиясы Қазақстан мен ТМД елдерін қамтиды. Қазіргі уақытта кәсіпорын Түркістан облысындағы нысандардың бірінде жабдықтарға қызмет көрсету үшін 16 шағын кран жеткізіп жатыр.Сонымен қатар компания құю өндірісін де дамытып келеді. Мұнда көше шамдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және басқа да абаттандыру элементтері, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған жекелеген шойын бөлшектер өндіріледі. Өнімдер стандартты үлгілер бойынша да, жеке тапсырыстар негізінде де дайындалады.
«RM Stone» ЖШС өнімдері Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне жеткізіледі. Кәсіпорын өнімдеріне сұраныс бар қалалардың қатарында Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Астана және Алматы бар. Атап айтқанда, Бескөлде өндірілген көше шамдары Қарағанды қаласының орталық алаңына орнатылған. Бұл компания өнімдерінің Солтүстік Қазақстан облысынан тыс жерлерде де сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Өндірістік үдерістердің артында шамамен 60 адамнан тұратын кәсіби ұжым тұр. Оның құрамында инженерлер, құю өндірісінің жұмысшылары, дәнекерлеушілер, слесарьлар, монтажшылар және басқа да мамандар бар. Өз мамандарының болуы кәсіпорынға өндірістік міндеттерді орындауға және тапсырыс берушілердің нысандарында монтаждау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.Компания өндірістік қуаттарын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Бескөл ауылында аралығы 32-ден 70 метрге дейінгі ірі габаритті крандарды дайындауға және құрастыруға арналған құрастыру цехының құрылысы жүргізілуде. Жаңа нысан ірі конструкциялармен жұмыс істеуге қажетті жағдай жасап, кәсіпорынның өнеркәсіптік тапсырыстарды орындау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
2026 жылы «RM Stone» ЖШС «Даму Өндіріс» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 300 млн теңге көлемінде қаржыландыру алды. Қаражат бұрынғы қарызды қайта қаржыландыруға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталды. Осы қарыз бойынша қажетті кепілдік қамтамасыз етуді қалыптастыру үшін кәсіпорын «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдігін де пайдаланды. Жеңілдетілген кредиттеу мен кепілдік қолдаудың үйлесуі кәсіпорынға тиімді шарттармен қаржыландыру тартуға мүмкіндік берді.
«RM Stone» ЖШС тәжірибесі өндірісті жүйелі дамыту, кәсіби ұжым қалыптастыру және қаржылық қолдауға қол жеткізу өңірлік бизнестің өз позициясын нығайтып, жаңа жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Байланыс ақпараты:
Солтүстік Қазақстан облысы, Бескөл ауылы, Институтская көшесі, 1
Телефондар: +7 775 412 90 60, +7 777 338 11 25
Электрондық пошта: rm.stone@bk.ru