Кеңес ал!
Денсаулық пен сапалы оңалту қызметтері - қоғамның әл-ауқатының маңызды негізі. 25 жылдан бері «Алгабас А» ЖШС өңір тұрғындарына денсаулығын күтуге көмектесіп келеді. 2001 жылдан бастап компания санаторийлік-курорттық емдеу бағытын дамытып, сауықтыру қызметтерін көрсетуде. Осы уақыт ішінде кәсіпорынның қызметін 60 мыңнан астам адам пайдаланған.
Компанияның алғашқы табысты жобасы Алға қаласындағы шипажай болды. Жинақталған тәжірибе мен сауықтыру қызметтеріне деген сұраныстың артуы кәсіпорын басшылығын одан әрі дамуға ынталандырды. Компания облыс орталығы - Ақтөбе қаласында заманауи емдеу-сауықтыру кешенін ашуды қолға алды.
Жоба аясында жайлы нөмірлері, қабылдау аймағы және заманауи физиотерапиялық кабинеттері бар жаңа ғимарат салу көзделді.
Ғимараттың құрылысын компания өз қаражаты есебінен қаржыландырды. Алайда ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтау және медициналық жабдықтарды сатып алу үшін қосымша инвестиция қажет болды.
Осы кезеңде «Алгабас А» ЖШС мемлекеттік қолдауға жүгінді. 2025 жылы «Алгабас А» ЖШС «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы қаржыландыру алды. Қор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша қолдау көрсетті. Бұл кәсіпорынның қаржылық жүктемесін азайтып, қарыз қаражатын жобаны аяқтауға бағыттауға мүмкіндік берді.
Алынған қаржы компания тарапынан ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарына және мамандандырылған медициналық әрі тұрмыстық жабдықтарды сатып алуға жұмсалды. Жаңа ғимарат жиһазбен, ингаляторлармен, физиотерапиялық құрылғылармен және климаттық бақылау жүйелерімен жабдықталды.
2026 жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласындағы Заречный-3 тұрғын алабында «Шипагер» сауықтыру кешенінің жаңа филиалы ашылды.
Кешен қонақүй нөмірлері мен заманауи емдеу инфрақұрылымын біріктірді. Енді кәсіпорын пациенттерді «Стандарт» және «Комфорт» санатындағы нөмірлерге тәулік бойы орналастыра алады. Сонымен қатар емдеу бөлімінің өткізу мүмкіндігі артты.
Бүгінде «Шипагер» өңір тұрғындарына сауықтыру және қалпына келтіру процедураларының кең спектрін ұсынады. Олардың қатарында кәсіпорынның жеке тұзды көлінен алынатын тұнбалы балшықпен емдеу, бальнеотерапия, парафинмен емдеу және жарық ванналары бар. Сондай-ақ мұнда омыртқаны су астында созу процедурасы жүргізіледі.
Кешен коммерциялық негізде қызмет көрсетумен қатар, МӘМС жүйесі арқылы мемлекеттік оңалту бағдарламаларына да қатысады.
Жаңа кешеннің ашылуы кәсіпорынның дамуындағы маңызды кезең болды. Жобаның жүзеге асырылуы медициналық және қызмет көрсету персоналы үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар компанияның қызметі өңір бюджетіне түсетін салық түсімдерінің артуына ықпал етеді.
Дегенмен «Алгабас А» ЖШС қол жеткізген нәтижелермен шектелуді жоспарлап отырған жоқ. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарында емдеу-сауықтыру қызметтері желісін одан әрі кеңейту көзделген.
Компания тарихы кәсіпкерлік бастама, жеке инвестиция және мемлекеттік қолдау арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға болатынын көрсетеді. «Даму» қорының қолдау құралдарының арқасында бизнес өсуге мүмкіндік алады, ал өңір тұрғындары сапалы медициналық және сауықтыру қызметтеріне қол жеткізеді.
Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Жібек Жолы тұрғын алабы, 1056/1.
Байланыс телефондары: +7 707 743 74 33, +7 7132 74 37 43.
Instagram: https://www.instagram.com/shipager_spa