Колбасные изделия «Нәрлен» — нежнейший вкус отборного мяса

Новости
16.05.2022

«Қарқын-2030» ЖШС 2009 жылдың мамыр айынан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді бастады. Компания Түркістан облысы бойынша астық, бақша дақылдарын, көкөністер мен жемістер өсіру және сату, сонымен қатар мал бордақылау және сою, шұжық өнімдерін жасаумен айналысады.

Кәсіпорынның өзінің «Нәрлен» тауар белгісі бар және шұжық өнімдерінің барлығы «Халал» сертификатымен расталған. Шұжық жаса уүшін өздері бордақылайтын мал сойылады. Тіпті жем де өз жерінде өсіріледі. Жекеменшік зертханасы да ба. Онда білікті мамандар сапаны үнемі қадағалап отырады. Қазір өндірісті кеңейту жұмыстары жүргізілуде және жаңа деңгейге шығу жоспарлануда.

Өндірілетін өнімнің сапасы жылдан-жылға артқан сайын, сауда көлемі де артып келеді. Маркетингтік зерттеулер, дегустация, брендті нарыққа шығару жұмыстары жүргізіледі. Зерттеулер «Нәрлен» шұжықтарының нарықта сұранысқа ие екенін көрсетті.

2019 жылы компания ет өнімдерінің өндірісін кеңейту үшін қаражат алу үшін «Халық банкі» АҚ-на жүгіну туралы шешім қабылдады. Банк жобаны қолдады және «Даму» Қоры несие сомасының 30% мөлшеріне кепілдік берді.

«Нәрлен» ТМ өнімдері Түркістан облысы бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Балқаш қалаларының базарлары мен сауда нүктелеріне және Қазақстанның басқа да көптеген қалалары мен елді мекендеріне жеткізіледі. Ресей мен Өзбекстанға экспортталады.

Мекенжайы: Шымкент қ., Диваев көш., 110.

Телефон: +7‒771‒733‒55‒55

Инстаграм: @narlenkz