info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Ай-Зере» брендімен ақтөбелік кәсіпкер ыдыс жуатын пороллон губкалар шығарып жатыр

Жаңалықтар
24.04.2023

Ұзақпаев Айтжан Мәжитұлы – 2017 жылдан бері кәсіпкер. «Ай-Зере» сауда брендімен ыдыс жуатын пороллон губкалар өндірісін ашып, бүгінгі күнге дейін сәтті жүргізіп келеді. Сондай-ақ ыдыс-аяқ пен үй-жайларды жууға арналған вискоз майлықтар және дене ысатын жөке де шығарады.

Ыдыс-аяқ жууға арналған губка үй шаруашылығында таптырмас бұйым деуге болады. Әдетте, өндіріс материалы көбік резеңке немесе микрофибра сияқты материал болады. Губканың өзі көптеген функционалды мақсаттарға ие және тазалықты сақтауға және жуғыш заттарды үнемді пайдалануға өте ыңғайлы.

Ыдыс-аяққа арналған губкалар жасау – бұл өте кең технологиялық процесс. Дұрыс өндірістік жабдықты таңдау өнім сапасына әсер ететін өте маңызды фактор және тауарды сатып алушылар мен бәсекелестер қалай қабылдайтынына әсер етеді. Ұзақпаев Айтжан бұл шаруаға байыпты қарады. Бизнес ашарда нарықта бар ұсыныстарға талдау жасады. Таңдауға әсер еткен факторлар:

- Жоғары деңгейлі сервис

- Клиенттердегі жабдық жұмысына тұрақты мониторинг жүргізу

- Жоғары сапалы жабдықтар.

Кәсіпкер «Даму» Қорының Ақтөбедегі филиалынан бірнеше рет қолдау алды. Несие қаражатын өндіріс ғимаратын сатып алып, айналым қаражатын толықтыруға жұмсады. Жоба «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау тапты. «First Heartland Jusan Bank» АҚ берген несие бойынша мөлшерлеме 21% болғанмен, оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» бағдарлама аясында субсидиялайды.

«Мен бұл жетістігіммен тоқтап қалмаймын. Болашақта өндіріс сапасын жоғалтпай, кеңейтіп, дамытуды жоспарлаймын»,- дейді кәсіпкер.

Ақтөбе қ.41 разъезд, 544ү.

Instagram: @aizerecom

Телефон: +7 705 225 09 70