info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Гормолзавод - бала кезінен таныс дәм

Жаңалықтар
26.04.2023

Сіз «Гормолзавод» балмұздағын жеп көргенсіз бе? Егер жемесеңіз, міндетті түрде дәм татыныз! «Гормолзавод» сауда белгісі Көкшетауда шыққанымен Қазақстанның бар өңірінде танымал.

«Гормолзавод» ЖШС – 50 жылдан астам уақыт бойы сүт өндірумен және өңдеумен айналысатын отандық кәсіпорын. Жеңілдетілген қаржыландыру мемлекеттік бағдарламаларының арқасында кәсіпорын өндірістік жабдықтарды жаңғыртып, шығарылатын өнім сапасы мен ассортиментін арттыра алды. Енді «Гормолзавод» компаниясы сатып алушыларды тек әйгілі балмұздақпен ғана емес, сонымен қатар табиғи йогурт, сүзбе, айран, ашытылған сүт, май және түрлі ірімшіктермен қуантуға мүмкіндік алады. Барлық сүт өнімдері өсімдік майынсыз өндіріледі. Жылдар бойы зерттелген рецепт, инновациялық итальяндық жабдық және заманауи қаптама әрбір өнімде табиғи сиыр сүтінің барлық артықшылықтарын сақтауға мүмкіндік береді. Компания өнімдерді дистрибьюторлық желілер арқылы да сайт арқылы да сатады www.gormolzavod.kz және Instagram парақшалары @gormolzavod.

2022 жылдың күзінде «Гормолзавод» ЖШС айналым қаражатын жылдық 19,5% - бен толықтыру мақсатында «Халық банкі» АҚ-да қаржы алды. Даму Қоры 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынды.

«Гормолзавод» ЖШС «Ulttyq ÓNIM» көрмесінің тұрақты қатысушысы болып табылады. Компанияның өнімдерімен 5-7 мамырда Алматы қаласында «Атакент» көрме орталығында өтетін «ULTTYQ ÓNIM» 7-ші көрмесінде танысуға болады.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, шығыс өнеркәсіп аймағы өткелі 20, 8В ғимарат.

сайт: www.gormolzavod.kz

Инстаграм: @gormolzavod