info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Activity Park - балалар аттракциондарын өндіруші

Жаңалықтар
27.04.2023

Компанияның тарихы 2013 жылдан бастау алады. Ол кезде Activity Park компаниясының негізін қалаушы Сергей Анатольевич Коротаев сауда орталығының директоры болып қызметін атқаратын. Жұмыс барысында ол ата-аналарымен сауда орталығына бірге келген балалар мазасызданып, іші пысатынын байқап жүрді. Сауда орталығы ішінен батут, бассейн және электр машиналары бар ойын алаңын ашу туралы идея сол кезде пайда болды. Ата-аналар дүкендегі шаруаларымен айналысып жатқанда балалар қараулы, көңілі көтеріңкі, өзі қатарлы балалармен бірге ойнап жүретін. Бұл салада бизнес бастау оңай болмағанмен, бастама тамаша болды. 2 жылдан кейін қалада алғашқы көшедегі лабиринт ашылды. Ойынға қажет құрал-жабдықтар Қытайдан әкелінді. Оны құрастыруға 3 апта кетті. Бұл сала сол кезде Қазақстанда қатты дамымағандықтан сұраққа жауап алу қиын болды. Осындай лабиринттерді де өзі шығару туралы шешім сол кезде қабылданды.

Қазіргі уақытта «Activity Park» компаниясы – Қазақстандағы балалар аттракциондарының ірі өндірушісі. Кәсіпкер ойын жабдықтары саласындағы жаңалықтар мен трендтерді үнемі қадағалап отырады. Бұл – уақыт талабынан тыс қалмай, жаңа жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. «Activity Park» компаниясы жас компания бола отырып, бүкіл Қазақстан бойынша 50-ден астам жобаны жүзеге асырды. «Activity Park» компаниясының мақсаты – өз өнімдерін өндіру арқылы шетелдік материалдарды, импортты алмастыру және оны ТМД елдерінде сату.

Цехқа құрал-жабдықтар сатып алу және пластик бұйымдар өндіру бойынша қызметті кеңейту үшін «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында банктен алған алған несиесін субсидиялау есебінен кәсіпкер пайыздық мөлшерлемені жылына 6% -ға дейін төмендетті. Сондай-ақ кепілдік жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдік берді.

+7 705 795 69 59

Абай облысы, Семей қ., Дальная көш. 1

Инстаграм: @activitypark.kz