info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Бала күнгі арман – бизнеске түрткі болған

Жаңалықтар
27.04.2023

Гүлбану Гайдарова бала күнінде қуыршақтарына арнап ақ пердеден той көйлектер тіккенді ұнататын. Кейін бұл хоббиіне айналып, болашақ кәсібіне негіз болды.

Бастауыш сыныптардың ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша білім алған соң Гүлбанудың алдында мамандығы бойынша еңбек жолын бастау әлде хоббиін табысты іске айналдыру деген таңдау тұрды. Әйтсе де, сұлу қалыңдық образын жасауға деген қызығушылық бар қорқынышын жеңіп, сүйікті ісімен айналысуға бел буды.

«Өз тойымдағы ақ көйлек пен сәукелемді өзім тіктім. Қонақтардың таңданысы мен тәнті болуы мені ұлттық нақышта той көйлек тігетін жеке шеберханамды ашуға итермелеп, арулар «Сырға салу» және «Ұзатуға» ұлттық киімдерге тапсырыс бере бастады», - дейді кәсіпкер.

Бүгінде Гүлбану Гайдарова табысты кәсіпкер атанғанына 11 жылдан асты. Оның Батыс өңірінде Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе, қалаларында бірнеше той салондары бар.

Кәсіпкердің киім-кешек тігу цехы ғимаратын салу бастамасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Ұлттық жоба» бағдарламасының 2-бағыты аясында қолдады. Нәтижесінде 19,5%-дық несиенің Қор субсидиялайтын бөлігі 14,5% құрады. Ал кәсіпкер 5% айырмасын төлейді. Қор 30,1 млн теңгеге кепілдік берді.

«Гайдарова» ЖК алдағы уақытта штатты көбейтіп, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, халық сұранысына сай ұлттық киімдер, той көйлектерін шығаруды көздеп отыр.

Атырау қаласы, Атырау ш/а, Грибоедов, 13

+7 778 991 15 92

инстаграм:@erkesylkym_atyrau