info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Күріш өндіруші компания

Жаңалықтар
28.04.2023

«Асыл Дән LTD» ЖШС – 2010 жылы құрылған өндірістік компания. Күріш өңдеп, әртүрлі сұрыпты тазаланған күріш жармаларын алумен айналысады.

Өнімдер заманауи жоғары технологиялық жабдықта өңделеді және желінің соңғы жағында күріш дәндерінің түсі, сапасы, күріш дәнінің жетілуі автоматты жарық басқару жүйесінен өтеді. Бұл – жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның зертханасы бүкіл өңдеу процесін және өнімнің сапасын үнемі қадағалап отырады. Сонымен қатар, күріш жармасы жыл сайын Қазақ тағамтану академиясында ГМО бар жоғына тексеріледі және «Халал» стандартына сәйкес келеді. Қазір Қазақстан бойынша дүкендер мен ірі сауда желілерінде сатылуда, әрі сәтті экспортталуда.

Былтыр кәсіпорын басшысы «First Heartland Jusan Bank» арқылы несие алып, кәсіпорынды кеңейтті. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры несиені субсидиялап, мөлшерлемені жылына 6 пайызға дейін төмендетті. Сондай-ақ кепіл жетіспейтін сомасына «Даму» Қоры кәсіпкерге өз кепілдігін берді.

Қызылорда қ-сы, Кайнарбаев 35. Телефон: 8 (7242) 259306

Компания сайты: http://asyl-dan.kz/

Instagram:@asyldan_rice