info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

KazBeef – астықтан стейкке дейін

Жаңалықтар
12.05.2023

KazBeef – мәрмәр түсті сиыр етін өндіретін отандық бренд. Компанияның тарихы 2010 жылы АҚШ-тан Ақмола облысына Black Angus пен Hereford тұқымды етті бұқалар алғаш әкелінгенде басталды. Бренд – осы жануарларды өсіріп, бордақылаудан бастау алады. «KazBeef Processing» ЖШС – тікелей интеграцияланған компания. Мұнда мал шаруашылығының толық өндірістік циклі жолға қойылған. Жем-шөп өндіруден және өнімділігі жоғары ірі қара мал өсіруден бастап ет комбинатында етті өңдеуге дейінгі циклды толық қамтиды. Компания мал азығы компоненттерін өсіруден бастап өнім сөреге жеткенше әр кезеңде мұқият қадағалау жүргізеді. Екі бірдей кешенде 220 күнде 15 000 бас мал бордақыланады. Қазіргі ет комбинаты жылына 10 000 тонна ет өңдейді.

KazBeef_4.jpeg

2020 жылы «KazBeef Processing» ЖШС айналым қаражатын толықтыруға «Bank RBK»-ден несие алды. «Даму» Қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, соның арқасында компания несиені жылына 6% пайызбен төлейді. Айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Бүгінгі күні KazBeef-әлемдік технологиялар мен стандарттар бойынша өндірілген мәрмәр түсті сиыр етін тұтынушыға ұсынады. «Астықтан стейкке дейінгі» процесс барысында қатаң бақылаудың арқасында тұтынушыға жоғары сапалы өнім жеткізуге кепілдік бар.

Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Лазо көшесі, 80а үй

+7 771 936 51 71

www.kazbeef.kz