info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жарқыраған күлкі – сәттіліктің кілті

Жаңалықтар
18.05.2023

Стоматология – қазір медицинадағы ең сұранысқа ие қызметтердің бірі. Тіпті әр адамның өмірінің бір бөлігіне айналды десе де болады. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар тіс пен ауыз қуысын емдеудегі басты табыс факторларының бірі. Ондай соңғы үлгідегі жабдықтары бар клиникалар бәсекелестер алдында артықшылыққа ие.

Сондай клиникалардың бірі – «GRAND MED GROUP» ЖШС ашқан жаңа инновациялы стоматологиялық емхана.

Қазіргі уақытта компания емдеу, тістерді қалпына келтіру, тіс тазалау, винир, брекет, имплант, протездің барлық түрлері, балалардың тісін емдеу сияқты стоматологиялық қызметтердің барлық түрін ұсынады. Соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған.

Клиникада ортодонт-ортопед, стоматолог-терапевт, имплант-хирург секілді көптеген маман жұмыс істейді. Барлығы жоғары білімді, 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар кәсіпқойлар. Жыл сайын курстарға қатысып, біліктілік арттырып отырады. Бүгінде емхана Атырау қаласындағы ең үздік емханалардың бірі саналады, тұрақты тұтынушылары бар.

«GRAND MED GROUP» ЖШС «Ұлттық жоба» бағдарламасына қатысудың арқасында компания жылжымайтын мүлікті 6%-дық несиемен алды. Несие сомасының 62 пайызына «Даму» қоры кепілдік те берді.

Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 74/1, 8 блок,

instagram: grandmed.atyrau

+7 701 058 22 28