info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«А-Текстиль» ЖШС – киіс беретін киім

Жаңалықтар
10.05.2023

Көп жылғы импортқа тәуелділіктен кейін Ақтөбеде күнделікті киім шығаратын «Ақтөбе тігін фабрикасы» қайта ашылды. Бұл жобаның бастауында бүгінгі кейіпкеріміз Жолбатыров Әлімжан тұр.

Әлімжанның импорт алмастыру жобаларында тәжірибесі мол. Бұған дейін де ол бірқатар ірі жобаларға қатысқан. Облыстағы квазимемлекеттік кәсіпорындарының басшысы ретінде де тәжірибе жинады. Импорт алмастыру идеологиясының жақтаушысы. 

Фабриканы іске қосу жоспары 2019 жылы қолға алынды. Жеңіл өнеркәсіп экономика үшін маңызды. Өйткені олардың әлеуметтік бағытты жандандырып, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсім арттыруда маңызы жоғары. Фабрикада үлгілерді әзірлеуге дизайнерлер, конструкторлар, технологтар және кәсіби тігіншілерді қамтитын білікті қызметкерлер құрамы қатысады. Бүгінгі таңда A-Textile компаниясы 80-нен астам жұмыс орнын құрды, жылына әртүрлі дизайндағы 240 мыңнан астам өнім шығарады. Кәсіпорында өндірістің толыққанды конвейерлік түрі бар.

 «Даму» қорының қолдауымен «Береке Банк» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «А-Текстиль» компаниясы тігін құрал-жабдықтарын сатып алды. Сондай-ақ жобаны сәтті жүзеге асыру үшін Қор несие сомасының 85% көлемінде кепілдік берді.

 Компанияның ұраны – «Сенің өмірің – сенің стилің».

 Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 1/3Ағ.

+ 7 (7132) 74 90 34, + 7 (708) 471 19 69

Сайт: info@a-textile.kz, a-textile.kz

Instagram: @Fabrika_aktobe