info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Fortuna Food – жоғары талғаммен өмір сүріңіз

Жаңалықтар
26.05.2023

Fortuna Food компаниясының тарихы 2001 жылы ішіне алты үстел қойылған шағын дәмханадан басталды. Штатта тек бес қызметкер еді. Бұл жерді басқалардан ерекшелендіріп тұру үшін тез арада бір жол табу керек болды.Осы жерге ғана тән тағам, балбалмақ аспаз, жайлы бөлме, жылдам қызмет көрсету. Міне осы жол олардың жаңа деңгейге көтерілуіне көмектесті. 2008 жылы дәмхана жанынан кондитерлік дүкен ашылып, қызметкерлер саны да арта түсті. Дүкен ассортиментін біртіндеп ұлғайта келе, өндірістік ғимаратты кеңейту, мамандар табу, қосымша жабдықтар сатып алу қажет болды.

2015 жылы Алматы облысы бойынша кондитерлік өнімдер жеткізумен айналысатын компания сатып алынды да ол «FortunaFood» брендімен жұмыс істей бастады. «Fortuna» дәмханасының бренді осы өңірде танымал болғандықтан, жаңа компанияның атауын да тұтынушылар санасында қалыптасқан брендпен байланыстыру туралы шешім қабылданды. Клиенттер саны артып, штат кеңейе бастады, техника мен арнайы жабдықтар саны артты, жартылай фабрикаттар шыға бастады. Мұның бәрін жүзеге асыру үшін қала орталығындағы 1200 шаршы метрлік үй-жай сатып алынды және өз сауда желісі іске қосылды. Нәтижесінде «Fortuna Food» ірі «Скиф трейд» және «Магнит» бөлшек сауда желілерімен жұмыс істей алды. Сол жылы компания Алматы облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» номинациясында жеңімпаз атанды.

Компания «БанкЦентрКредиттен» өңдеу өнеркәсібін қолдауды көздейтін «Дмау-Өндіріс» бағдарламасы аясында 6%-бен жеңіл несие ресімдеп, коммерциялық үй-жай сатып алды.

Бір айта кетерлігі, компания басшысы және табысты кәсіпкер Хакимова Ильмира Абдрашитқызы «Бизнестің жол картасы-2020», «Даму-Өндіріс», «ШОБ топ - менеджментін оқыту», «Іскерлік байланыстар» сияқты «Даму» Қорының қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларының белсенді қатысушысы. 2023 жылы «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне қатысты.

Қазір «Fortuna Food» компаниясы үш бағытта дамып келеді: кондитерлік және аспаздық өнімдер өндірісі, жеке аспаздық және аймақ бойынша кең сауда желісі. «Фортуна» дәмханасы мен «СтильЖИ» оқыту студиясы да бар. Штатта 140 адам жұмыс істейді. Компанияның әр бағытының өз атқарушы директоры бар, осы кезеңде меншік иелері директорлардың жұмысын үйлестіреді және бақылайды, «тиімді команда» басқарудың жаңа жүйесін енгізеді, компанияны дамыту үшін жаңа идеялар мен жобаларды іздеумен айналысады.

Инстаграмм: @fortunafood.kz

Телефон: 8 747 508 23 15

Мекен- жай: Жетісу облысы, Талдықорған қ., Шевченко көш., 131