info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Дұрыс таңдалған жиһаз - табыс пен жайлылықтың кілті

Жаңалықтар
24.05.2023

Жиһаз – ада өміріндегі маңызды бөлік. Ыңғайлылық пен жайлылық жиһазбен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жиһаз бөліктері кез келген бөлмеде ерекше атмосфера жасайды, әртүрлі дизайн идеяларын толықтырады және пәтердің немесе үйдің бүкіл көрінісін өзгертеді. Жиһаз өзінің негізгі функционалдық қасиеттерін және эстетикалық сұлулығын жоғалтпай ұзақ жылдар бойы қызмет ете алатындай белгілі бір сапада болуы керек.

BeautyMebel компаниясы 2018 жылы құрылды. Бұл – Мұхановтар отбасының жобасы. Алдымен бірнеше жыл бойы шет елден жиһаз әкеліп сатумен айналысқан олар, уақыт өте келе дамып, саудадан өндіріске ойысқан. Компания қысқа уақыт ішінде сұлулық салондарына тапсырыс бойынша жиһаз жасау бойынша жетекші орынға шықты. Өндірісте тек сапалы және экологиялық таза материалдар пайдаланылады. Сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақтарында сауда нүктелері бар.

Кәсіпорын «Банк ВТБ (Казахстан)» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында кепілдік ала отырып, жеңілдетілген несиелендіру мүмкіндігін пайдаланды.

«BeautyMebel» ЖК аймақ экономикасын, оның өндірістік қуатын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуде.

Инстаграм : @beautymebel.kz

Мекен жайы: Алматы қаласы, Ырысты к-сі, 46,2а.

Байланыс телефоны : 8-702-588-34-62