info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Үйіңізге және кеңсеңізге арналған компьютерлік техника

Жаңалықтар
25.05.2023

Компьютер және онымен байланысты дүниелер қазір адам өмірінің маңызды бөлігіне айналды. «ПлюсМикро Петропавл» ЖШС 20 жылдан бері «компьютер әлемінің» алдыңғы қатарында келеді. Осы уақыт ішінде өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде көрсеткен компания.

«ПлюсМикро Петропавл» ЖШС кеңсе жабдықтарына қызмет көрсету, диагностика және жөндеу қызметтерін ұсынады, сонымен қатар компьютерлерге арналған компоненттер жеткізумен айналысады. Осы салада тәжірибе жинай отырып 2022 жылы қызметтің жаңа бағыты – «MATRIX» брендімен компьютерлер өндірісін ашты.

«MATRIX» компьютері тиісті материалдардан конструктор секілді жиналады. Ал бағдарламашылар барлық «текшелерді» өз орнына дұрыс орналастыруға дайындап, жасап шығады.

Компания «Даму» Қорымен серіктестіктің арқасында жыл сайын дамып келеді және бір орында тұрып қалмауға тырысады.

Айналым қаражатын толықтыру керек болғанда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпорынды дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында кәсіпкер үшін мөлшерлеме жылына 8%-ды құрады. «Даму» Қоры субсидиялайтын мөлшерлеме 13,75%.

СҚО, Петропавл қаласы, Абай көшесі 84

+7 (7152) 36-31-21, 46-66-32

https://plusmikro.kz/

plus_micro@mail.ru

Instagram: @plus__micro