info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Кәсібилік сапаға сәйкес келеді

Жаңалықтар
17.05.2023

Ақтөбелік Қанат Мәжитұлы жүк тасымалы саласындағы бизнестің қыр-сырын жақсы біледі. Кәсіпкерлікке келмей тұрып ол ұзақ жылдар бойы көлік компанияларында логист қызметін атқарды. Нарықты және логистикаға деген сұранысты зерттей келе, ішкі және халықаралық тасымалда өзі жеке қызмет көрсету үшін техника сатып алуға бел буды. Алдымен 1997 жылы «Жалын» ЖШС тіркеп, іс бастаған.

Идеясын жүзеге асыру үшін Қанат Мәжитұлы «Даму» қоры» АҚ Ақтөбе филиалына жүгінді. Жоба «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында қолдау тауып, «Банк ЦентрКредит» АҚ мөлшерлемесі 23 пайызды құрады, оның 6 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ жобаны сәтті жүзеге асыру үшін Қор несие сомасының 85% көлемінде кепілдік берді. Банк агенті ретінде болды.

Бүгінгі күні Қордың қолдауының арқасында Қанат Мәжитұлы Қазақстан Республикасы аумағында, сондай-ақ ТМД елдері мен Еуропа бойынша жүк тасымалымен айналысады.

Қанат Мәжитұлы айтқандай, кәсіптің бұл түрінде бәсекелестік бар, ең бастысы өз ісіне адал болу.

Кәсіпкердің ұраны – кәсібилік сапаға сәйкес келеді!

Тел: + 7 702 627 95 88

Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, И.Үргенішбаев, 31Б ү