info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қосалқы бөлшектер саудасымен айналысатын кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды

Жаңалықтар
29.05.2023

«Прокопенко Евгений Геннадьевич» ЖК 1998 жылдан бастап ГАЗ және УАЗ маркалы автомобиль көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды бөлшек сатумен айналысады. Бұл салада бизнес ашу идеясы аяқ асты туған жоқ. Дегенмен ұзақ ойланған да емес. Көлік және сауда саласында тәжірибесі мол Евгений Прокопенко өзі жеке бизнеспен айналысуға шешім қабылдады.

Ол үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы-да айналым қаражатын толықтыруға 36 айға 14% пайыздық мөлшерлемемен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 8%-ды құрады. Кәсіпкер қарызын 6%-бен төлейді.

Кәсіпкердің меншігінде қоймасының жалпы ауданы 144,1 ш.м. болатын өндірістік ғимараты бар. Автокөлік бөлшектері дүкені сонда орналасқан. 5 сатушы жұмыспен қамтылған. Тауарларды Алматы қаласынанан, Ресейдің Ульяновск және Нижний Новгород қалаларынан, аптасына 2-3 рет сатып алады. Тұрақты сатып алушылары көп.

+7 771 435 32 22

ШҚО, Өскемен қаласы, Красин көшесі, 28.