info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

ADILI – ұлттық бренд

Жаңалықтар
18.05.2023

ADILI брендін 2010 жылы апалы-сіңлі қос бойжеткен ашты. Алқашқы кездері аксессуарларға түрлі принт салумен айналысты.

Қазір брендтің визит картасы – жібек шәлілер. Әр орамал – авторлық дизайн, ерекше композициямен әлемдік брендтер (мысалы, hermes) өндірісінде қолданылатын технологиялар бойынша жоғары сапалы жібектен жасалады. 

Брендтің негізгі бағыттарының бірі – авторлық принттер жасайтын дизайн студиясының жұмысы. Дизайн тобы әлемдік трендтерді үнемі қадағалап отырады. ADILI өз клиенттеріне заманауи сән трендтерімен үйлескен өнімдер ұсынуға тырысады. 

2010-2015 жылдар ішінде арнайы дүкендермен серіктестік орнатылып, www.shopadili.kz жеке интернет-дүкені арқылы онлайн сатылымдар іске қосылды.

«Даму» Қорының субсидиясы мен кепілдігін пайдалана отырып, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында 2017 жылы «Адили Текстиль» ЖШС базасында толық циклды өндіріс іске қосылды.

Ол дизайн әзірлеуді, табиғи маталарға цифрлық басып шығаруды және оларды өңдеуді қамтиды. Сондай-ақ, дайын бұйымдарды тігуге де кірісті.

Жалпы алғанда, цифрлық басып шығару Қазақстан аумағындағы жаңа бағыт саналады. Өндіріс экологиялық таза, электр энергиясы мен суды аз тұтынады. Жоғары технологиялық бағдарламалар шексіз ашық түстер палитрасын қолдануға мүмкіндік береді.

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі 98

Тел.: +7 (707) 516 5517 

Инстаграм: @adili.kz