info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Everest Trade Company – жоғары сапалы өнім өндіруші

Жаңалықтар
30.05.2023

Соңғы жылдары Батыс өңірінде құрылыс қарқынды дамып келеді. Бұл тұрғын үйге сұраныс артуы, өнеркәсіп орындары, спорт және басқа да нысандардың көптеп салына бастауына да байланысты. Осыған орай облыста құрылысқа қажет сапалы материалдар шығаратын және жеткізіп беретін кәсіпорындар саны да артып келеді.

«Everest Trade Company» ЖШС Орал қаласында тауар бетоны мен ірге плиталарын жеткізуші ретінде қызмет көрсетеді. Жоғары сапалы өнімдер мен тоқтаусыз өндірісі бар, дұрыс жоспарлау есебінен қоймаларында инертті материалдары үнемі болады. Ал бетон зауытын жылылап салудың арқасында компания қыста да сапалы бетон шығара алады.

Өнім ассортиментін көбейту үшін «Everest Trade Company» ЖШС «Қазақстан Халық Банкінен» 21,75%-бен несие алды. Оның 16,75%-ын мемлекет «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдік те берді.

Бүгінгі күні компания өнімдеріне сұраныс толастамайды. Сертификат сынақтарынан өткен, барлық стандарттарға сай деп сенімді түрде айтуға болады.

БҚО, Бәйтерек ауданы, Макаров ауылы

Тел.:+ 7 777 314 20 84

e-mail: vipautouralsk@mail.ru