info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Тараз қаласында жаңа қонақ үй ашылды

Жаңалықтар
30.05.2023

«Жаңабаев Е. А.» ЖК 2012 жылы тіркелген. Кәсіпкерлік қызметті «Төле бай» базарында 40 тонналық контейнерді сатып алып, құрылыс материалдарын сатудан бастаған. Базар жабылған соң «Жібек Жолы» базарына көшті. Көп жылдар бойы құрылыс материалдарын сатумен айналысқан Елжан Жаңабаев жиған қаржысына қонақ үй кешенін сатып алып, бизнестің жаңа бағытына көшуге шешім қабылдады.

Бұл кешенді сатып алу кезінде қосымша қаражат қажет болды. Кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалына жүгінді. Қор менеджерлері оған қай бағдарлама ыңғайлы болатынын, несие алу үшін банкке нендей құжаттар жинайтынын түсіндіріп, сүйемел көмек көрсетті. Тиісті құжаттарды жинап «Қазақстан Халық Банкі» арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиесінің жүгін жеңілдетті. Кәсіпкер қазір несиесін жылына 7%-бен төлейді.

Елжан Жаңабаев ашқан 17 бөлмеден тұратын қонақ үй кешені қазір жұмыс істеп тұр

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Привокзальная көшесі, 3-үй

Тел. +7 707 919 50 00

Instagram: @edem.taraz