info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Талдықорғандық қ. қоғамдық көлік жолаушылары үшін жайлылық деңгейі жоғары жүргізу

Жаңалықтар
01.06.2023

«Ai-amiga» ЖШС 2022 жылы құрылған. Компания Талдықорған қаласының тұрғындарына қалалық үлгідегі автобустармен тасымалдау қызметін көрсетеді. «Ai-amiga» ЖШС құрғанға дейін кәсіпкер 2021 жылдан бастап «Айша» ЖК ретінде жұмыс істеген. Компания жалға беру шарты бойынша Талдықорғандық жолаушыларды тасымалдау үшін «Жигули» ЖШС-не автобустарды жалға беріп келді.

Жолаушыларды автобуспен тасымалдау автотасымалдау саласындағы жетекші орындардың бірі болғандықтан, компания көліктер санын көбейту туралы шешім қабылдады.

2022 жылдың қараша айында компания инвестиция үшін «Forte Bank»-тен несие алды. Жобаны «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» Қоры қолдап, сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын субсидиялады, сондай-ақ жобаға банк алдында кепілдік те берді.

Бүгінгі күні «Ai-amiga» компаниясының меншігінде 24 автобус бар. Жұмыс режимі күн сайын сағат 06.00-ден 20.00-ге дейін. Кәсіпкер автобус паркін жыл сайын жаңа көліктермен толықтырып отырады.

+7 775 169 75 79

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Северный тұрғын алабы,

Ә. Қастеев көшесі, 88 үй