info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Өскеменде екі доңғалақты көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау орталығы қолдау алды

Жаңалықтар
02.06.2023

«KAZTRANSMOTO» ЖК 2020 жылдың қыркүйегінде тіркелген. Кәсіп иесі Константин Лобанов екі доңғалақты көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау мектебін сол жылы сәуірде ашты.

«Өскемен қаласы аумағында мотомектеп нарығы әлі қалыптаспаған. Бәсекелестіктің болмауы бизнес жобамыздың табысты болуына түрткі болды. Сондықтан дәл осы жерде іс ашуға шешім қабылданды», – дейді Константин Лобанов.

Компания «Bereke Bankтен» инвестиция үшін 60 айға 14% пайыздық мөлшерлемемен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 8%-ды құрады. Кәсіпкер қарызды тек 6%-бен төлейді.

Кәсіпкер Өскемен қаласындағы ангар ғимаратын мотоцикл мектебі үшін жалға алды. Жеке сабақтың бір сағатының құны 7 мың теңге. Мотомектеп күн сайын сағат 9.00-19.00 аралығында жұмыс істейді. Мектеп мамандары мотоцикл жүргізушілерін жабық алаңда даярлап шығады. Соның арқасында сабақтар жыл бойы да өткізілуі мүмкін. Кәсіпкердің 12 мототехникасы, штатта 2 нұсқаушысы бар. Қазір бұл қаладағы жалғыз мотомектеп.

+7 777 235 10 52

ШҚО, Өскемен қаласы, Михаэлис көшесі, 2-58.