info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Спецгазстрой» ЖШС-қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын

Жаңалықтар
05.06.2023

«Спецгазстрой» ЖШС – құрылыс нарығында көп жылдық тәжірибесі бар, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. 2013 жылы «Қазақстан көшбасшысы 2013» құрметті атағына ие болып, Қазақстан Республикасының орта кәсіпорындарының үздік жетілігіне кірді. Компания Қазақстанда және таяу шетелде кәріз жүйелерін сумен жабдықтауға қажет құбырлар, бұйымдар өндірумен және өткізумен айналысады. Сондай-ақ, үлкен диаметрлі құбырларды шығаратын жалғыз кәсіпорын (500-ден 3200 мм-ге дейін).

Өнім ассортиментін кеңейту үшін «Спецгазстрой» ЖШС «Bereke Bank»-тен кәріз жүйелерін сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін гофрленген полиэтилен құбырлары мен бұйымдарды өндіруге арналған жабдықтар сатып алу мақсатында 14,25%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекет оның 8,25%-ын субсидиялайды. Бағдарлама аясында «Даму» Қоры кепілдік те берді.

Жаңа жабдық зауытқа екі қабатты гофрленген кәріз құбырлар өндірісін бастауға мүмкіндік берді. Олар әртүрлі салаларда, соның ішінде коммуналдық салада жақсы балама ретінде белсенді түрде енгізілуде. Себебі басқа өнімдерге қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие: салмағы аз; ыңғайлы, жылдам орнатылады, арнайы жабдықты (кран, дәнекерлеу машиналары және т. б.) қажет етпейді.

БҚО, Орал қ., Айталиев к-сі, 4

Тіл.:+ 7 7112 51 17 81

сайт: 17926-kz.all.biz