info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жалғыз акционер туралы

«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ -  «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның жалғыз акционері.


КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылы құрылған. Негізгі міндеті – жеке меншік құқы бар, сонымен қатар ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, басқа заңды тұлғалар сеніп басқаруға берген акциялар пакетін (қатысу үлесі) басқару. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамыр күнгі № 571 Жарлығына орай даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған. 2014 жылдың соңына қарай, холдинг өзінің аясына 11 еншілес ұйымды біріктірді.

«Бәйтерек» холдингінің маңызды міндеттерінің бірі – Холдинг компаниялары тобының тиімді және бір-бірін толықтыратындай жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

МИССИЯСЫ

«Стратегия-2050»-де белгіленген мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік-бейімделген міндеттерді шешу және онда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру және экономиканың басымдық секторларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету .

КЕЛЕШЕГІ

2023 жылғы Холдинг – Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық агенті саналатын, ел экономикасының әртараптандырылуын, жаңалануын және тұрақты дамуын, мемлекеттің әлеуметтік-бейімделген міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ететін холдинг болмақ.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ

Холдинг құрамына 8 еншілес ұйым кіреді

  • 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын, 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырушы ірі жобалар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға, инвестициялауға және экспорттық қолдауға қатысушы даму институттары және ұлттық компаниялар:
    1. «Қазақстан Даму Банкі АҚ
    2. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ
    3. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ
    4. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    5. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
    6. «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ
    7. Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
    8. «ҚазАгроҚаржы» АҚ