Әрбір кәсіпкер Интернетте ұсынылған үлгілерді пайдалана отырып, өз бетінше бизнес-жоспар (бұдан әрі - БЖ) жасай алады. Сонымен қатар, кредит алуға БЖ үшін ЕДБ/МҚҰ/ЛК-мен олардың БЖ мазмұнына қойылатын талаптарын нақтылаған жөн.
Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жоспарында көрсетілуі тиіс қарсы міндеттемелері бар, атап айтқанда:
Төленген салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) ұлғайту кезеңдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық декларациясы деректері негізінде жұмыс орындарын сақтау немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту кезінде еңбекақы қорының өсуіне қол жеткізу және (немесе) әлеуметтік аударымдар, қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін («Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында қатысуға өтінім берген кезде) 10%-ға ұйлғайту;
Төленген салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) ұлғайту кезеңдері, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы қорының өсуіне қол жеткізу және салық декларациясы деректері негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын арттыру, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар, қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10%-ға («Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген кезде) ұлғайту;
Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштерге сәйкес, «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясындағы сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша кәсіпкер 3 (үш) жылдан кейін шағын кәсіпкерлік субъектісінен орта кәсіпкерлік субъектісі санатына өтеді;
«Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша: төленген салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) ұлғайту кезеңдері, сондай-ақ салық декларациясы деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, жалақы қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10%-ға ұлғайту;
«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау», «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау», «Моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдау» әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттары аясында инвестициялық жобаларды іске асыру шарты 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.
Қарыз сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг үшін өтінім беруші бекіткен, онда қаржылық көрсеткіштер көрсетілген жобаның бизнес-жоспары: соңғы екі жылдағы ретроспективті деректер (бар болса), қаржыландырудың бүкіл кезеңіне болжамды деректер және жобаны іске асыру кестесі қажет.
*ЕДБ – екінші деңгейлі банк
*МҚҰ-микроқаржы ұйымы
*ЛК лизингтік компания
Для Вас ответ оказался полезным?
человек считают ответ полезным