Call-center (қонырау тегін)
1408
Табыстың тарихы
13.09.2018

Қызылорда облысы. J7 продюсерлік орталығы.

Қызылорда облысы. J7 продюсерлік орталығы. Бүгін біз Қызылорда облысындағы J7 продюсерлік орталығының иесі Мәліков Жасұлан Бақытбекұлымен сұқбаттасамыз.
IMG_3117.JPG
Сәлеметсіз бе! Бизнесіңіз жайлы қысқаша әңгімелеп берсеңіз J7 продюсерлік орталығы Қызылорда облысында фото, видео түсіру, фотосессия, жарнама роликтері, love story, клип, қысқаметражды фильмдер түсіріп, ерекше шақыру билеттерін, виньеткалар, есімхаттар, меню, альбомдар жасаумен айналысады. Қарағанды, Алматы қалаларынан да тапсырыс алған.

IMG_3110.JPG
Бұл бизнес ойыңызға қайдан келді? Ерекшелігі қандай? Мен Кино және телевидения академиясын 2014 жылы аяқтап, Қазақфильмде монтажер болып жұмыс істедім. Әрі қарай Қазақстан-Қызылорда облыстық телеарнасында (оператор, режиссер, монтажер) болдым. «Көбелектің жан азасы» атты фильм түсірдім. Оны жергілікті кинотеатрда көрсетті. Осы салада тәжірибе жинаған соң немере бауырым Жасұлан Наурызбаевпен бірлесіп продюсерлік орталық ашу жайлы ойға келдім. Ерекшелігіміз деп біз тек клип, ролик, қысқаметражды фильмдер түсіріп, деректі фильмдер түсіруге жарияланған тендерлерге қатысып тұратынымызды айта аламын. Өз make-up студиямыз, фотосессияға арналған студия-бөлмеміз бар.
868.jpg
Идея туып, оны жүзеге асырғанға дейінгі аралықты әңгімелеп бере аласыз ба?
Қорға келген соң қанша уақыт ішінде ісіңізді жолға қойдыңыз. Жалпы алғанда Даму Қорына келген соң 2 айдың ішінде кірістік. Қаржыға қол жеткізген соң Алматыда құрал-жабдық сатып алып, ғимарат тауып, бизнесті іске қостым. Клиенттер орталық ашылатынынан ерте хабардар болды, тапсырысты дереу қабылдай бастадық.
Банктермен қалай жұмыс істедіңіз?
Тек 1 банкпен ғана жұмыс істедім. Ол – «Қазақстан Халық Банкі» болатын.
IMG_3111.JPG
Жобаны іске асыруға қанша қаржы кетті?
10 000 000 теңге жұмсадым, 7 000 000 теңгені несиеге алдым, қалтамнан құрал-жабдық алуға 3 000 000 теңге шығардым. Ғимаратты әзірге жалдап отырмыз. Болашақта бизесіміз дамып жатса жеке ғимарат алсақ деген жоспарымыз бар.
Бизнесіңіздің болашағын сипаттап беріңізші?
Бизнесімнің дамуына барлық мүмкіндіктер бар деп есептеймін. Ақпараттық технологиялардың дамуы мен интернеттің арқасында елдер сапалы фото мен видео жайлы көп ойланатын болды. Сондай-ақ түрлі салтанатты шараларда арнайы роликтер түсіруге де сұраныс көп. Қазір біз тікелей эфир пультін алсақ деп отырмыз. Тойға келе алмаған қонақтар дәл сол уақытта youtube арнасы арқылы қосылып, тойды тамашалай алады.

Бизнесіңізге бәсекелестік туралы не айтасыз?

Бәсекелес деп тек «Әділет» студиясын айтар ем. Олар тура біз түсіретін клиптер түсірумен айналысады. Қалғандарында біздікі сияқты өнім түрі жоқ. Қазақстандағы кәсіпкерлерге тосқауыл болатын негізгі қиындықтар қандай? Теңгенің тұрақсыздығы. Құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің барлығы шет елден (Жапония) алынады. Қалған проблемаларды шешуге болады.

Бизнес иесі ең алдымен неге назар аударуы керек?
Ісі жемісті болуы керек деп есептейтін кәсіп иесі бірінші шешуі тиіс мақсаттардың үштігін атаңызшы? Алдымен – жарнама, екінші - сапа, үшіншісі - клиенттермен коммуникация.