«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №630 «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның (ары қарай - Қор) акциялар пакеті «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на тапсырылған.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының негізінде (34-1 бап) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 Қаулысымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесіне сәйкес, Қормен Қордың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережелері әзірленген және бекітілген.