В Акмолинской области начался прием заявок на обучение в рамках проекта «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
03.05.2017

Көкшетау қаласының Кəсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында «Жаңа бизнес бастаманы қолдау» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Аталған жоба бизнес саласында жəне жеке іс жүргізудегі білімді жүйеге келтіруге көмектеседі.

Жобаға 18 жастан асқан, ісін жаңа бастап жатқан кəсіпкерлер қатыса алады. Өтінімдер 15 мамыр күнгі жұмыс уақытының соңына дейін қабылданады.

Оқығаны туралы сертификаты бар қатысушылар бизнес-жоспарларын әзірлеп, Стартап-жобалар байқауына қатыса алады.

Байқауда жоғары балл алған үміткер жеңімпаз атанады.

Ол кейіннен тәлімгерлік компонентіне қатыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 46А/1 үй мекен-жайына немесе 8 (7162) 551118, 551119 (ішкі 3277 Ботагөз) байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыз.