26 мая в Кызылорде пройдет семинар «Управление подбором персонала»

Анонсы
17.05.2017

Кәсіпкерлерді 26 мамыр күні «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтетін «Қызметкерлер құрамына кадрлық іріктеу» семинарына шақырамыз.

Кадрлық іріктеу — бұл персоналға қажеттіліктің есебі, жұмыс орындарының моделін құру, кадрды кәсіби іріктеу мен қосымша қызметкер құрамын ұйымдастыру секілді бөлімдерді қамтитын компанияның дамуы бағытындағы маңызды кезеңі. Сондай-ақ сапалы команда жасақтай білу – кәсіпорын табыстылығының кепілдігі екенін атап өту қажет.

Семинар бөлімдері:

  • Рекрутинг дегеніміз не?;
  • Кадр таңдаудың негізгі критериялары;
  • Персонал іздеуде тиімді скрининг қолдану;
  • Қызметкер құрамын басқарудың жаңа заманғы технологиясы;
  • Бизнес-қызметте қалай мінсіз әрі жайлы басқарушы атануға болады?;
  • Сұрақ-жауаптар.

Өтетін мекен-жай: Қызылорда қ, И.Журба көшесі ,12, «Даму» Қорының КҚКО ғимараты, 2 қабат, конференц-зал.

Өтетін күні мен уақыты: 26.05.2017ж, басталуы сағат 11.00-де.

Ақпарат телефондары: +7 7242 551118, +7 7024598980.