Костанайский филиал Фонда «Даму» приглашает принять участие в национальной выставке «Сделано в Казахстане»

Анонсы
02.06.2017

Құрметті Қостанай облысының кәсіпкерлері!

«Даму» Қорының Қостанай филиалы 2017 жылдың 28-30 шілде күндері Астана қаласында «Көрме» Орталығында өтетін «Қазақстанда жасалған» атты ұлттық көрмеге қатысуға шақырады.

Көрмені «Даму Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ ұйымдастырады.

Көрмеге Қазақстанның барлық аймақтарынан 300-ден астам кәсіпорындар келеді. Олар машина жасау, химия, өңдеу, қайта өңдеу, металл және ағаш өңдеу, жеңіл, полиграфиялық, тамақ өнеркәсіп салалары, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласын ұсынады.

Көрмеге атқарушы билік пен жергілікті басқару өкілдері, даму институттары, Мәжіліс депутаттарының қауымдастығы, «ҚР іскер әйелдер» қауымдастығы және т. б. өкілдер қатысады.

Көрмеге қатысу үшін төмендегі электронды мекен-жайға Elena.Oganova@fund.kzMakpal.Ismagambetova@fund.kz растау хатын 2017 жылдың 05 маусымға дейін жолдау қажет.

Көрмені өткізу орны: ҚР, Астана қ., Достық көш., 3, «Көрме» орталығы.

Қосымша ақпарат бойынша келесі телефон арқылы байланыса аласыз:

8/7142/990-300, 54-15-83, 8-701-516-12-78, Оганова Елена, 8-777-879-29-35 Исмагамбетова Макпал.