info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Мобильный центр поддержки предпринимательства при фонде «Даму» по Актбинской области ведет работу по выездам в районы

Анонсы
07.06.2017

2017 жылдың 8 маусымынан бастап Ақтөбе облысының барлық аудандарына «Даму» Қорының мобильді орталығы сапарға шығатын болады.

Жергілікті кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікпен айналыссам деген тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар жайлы, атап айтқанда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және «Даму» Қорының бағдарламалары жөнінде, соның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы бойынша, жеке кәсіп ашу, жеңілдетілген несие алу, кепілдендіру, кәсіпорынға инженерлік коммуникация жүргізу, ақысыз оқуларға жазылу секілді сұрақтарға тегін кеңестер беріледі.

Аталған мекеме мамандарымен бірге «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері қызметтер көрсетеді.

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша мына телефонға хабарласуларыңыз сұралады: «Даму» КДҚ АҚ Аймақтық филиалы: жауапты тұлға: Әліби Сабыр 8/7132/703-808, 703-808